Вход в систему

АҢШЫЛЫҚ МИНИМУМЫ БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША

БЕКІТІЛГЕН:

«Қансонар» қауымдастығының

2013 жылғы «18» маусымдағы

№ 5 П бұйрығымен

АҢШЫЛЫҚ МИНИМУМЫ

БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ЖАДЫНАМА

МАЗМҰНЫ

1-бөлім. «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

Жануарлар дүниесiне және жануарлар дүниесiобъектiлерiне меншiк

Жануарлар дүниесiн пайдалану

Жануарлар дүниесiн пайдаланудың түрлерi

Жануарлар дүниесiн пайдалануға беру

Жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлемақы

Аң аулау ұғымы және түрлерi

Аң аулау құқығы

2-бөлім. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы жануарлар түрлерін аңшылық мақсатында алуға қатысты нормативтік-құқықтық актілер

Қазақстан Республикасында аң аулау ережесі мен мерзімі.

«Жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлемақы» Салық кодексі

Рұқсат беру ережесі

Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы бақылау

Аңшылық және балық аулау объектілері болып табылатын жануарлардың құнды түрлерінің тізбесі

Өсiмдiктердiң сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесi

Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы

3-бөлім. Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiнқорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық

Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiнқорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзғаны үшiн әкімшілік жауаптылық

Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiнқорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзғаны үшiн қылмыстық жауаптылық

4-бөлім. Аңшы этикасы

5-бөлім. Аң аулау тәсілдері

Аңшылықтың негізгі тәсілдері

Аңшылықты ит шаруашылығы

Аң аулайтын құстар

6-бөлім. Рұқсат беру жүйесі

Аң аулайтын қару, оқ-дәрі және қару-жарақ

Қаруды сақтау және аңшылық кезіндегі қауіпсіздік техникасы

Зардап шеккенге алғашқы жәрдем көрсету

1-бөлім.

«Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

«Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Заңыжануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi және қазiргi және келешек ұрпақтың мүдделерiн ескере отырып, адамның экологиялық, экономикалық, эстетикалық және өзге де қажеттерiн қанағаттандыру мақсатында жануарлар дүниесiн, оның биологиялық сан алуандығын сақтау, жануарлар дүниесi объектiлерiн орнықты пайдалану шарттарын қамтамасыз етуге бағытталған.

Жануарлар дүниесiне және жануарлар дүниесi
объектiлерiне меншiк

Жануарлар дүниесi мемлекеттiк меншiкте болады. Мекендейтiн ортадан осы Заңда белгiленген тәртiппен алынған, сондай-ақ ерiксiз және (немесе) жартылай ерiктi жағдайларда өсiрiлiп, ұсталатын жануарлар дүниесiнiң объектiлерi оларды аулаған, өсiретiн және ұстайтын жеке және заңды тұлғалардың меншiгi болып табылады (2004 жылғы 9 шілдедегі «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі – Заң) 4-бабы).

Жануарлар дүниесiн пайдалану

Жануарлар дүниесiн пайдалану жалпы және арнайы пайдалану тәртiбiмен жүзеге асырылады. Жануарлар дүниесiнiң объектiлерi Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес пайдалануға берiледi.
Жануарлар дүниесiн арнайы пайдалануға жануарлар дүниесi объектiлерiн және олардың тiршiлiк ету өнiмдерiн мекендейтiн ортасынан алу арқылы пайдалану жатады. Жануарлар дүниесiн жалпы пайдалануға жануарлар дүниесi объектiлерiн, сондай-ақ олардың пайдалы қасиеттерiн мекендейтiн ортасынан алмай пайдалану жатады. Жануарлар дүниесiн мемлекеттiк орман қорының аумағында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда пайдалану Қазақстан Республикасының орман заңнамасы мен Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласы заңнамасының талаптары ескерiле отырып жүзеге асырылады (Заңның 23-бабы).

Жануарлар дүниесiн пайдаланудың түрлерi

Қазақстан Республикасының аумағында жануарлар дүниесiн пайдаланудың мынадай түрлерiне жол берiледi:
1) аң аулау;
2) судағы омыртқасыз жануарлар мен теңiз сүтқоректiлерiн алып қоюды қоса алғанда, балық аулау;
3) аң аулау мен балық аулау объектiлерiне жатпайтын жануарларды шаруашылық мақсаттарда пайдалану;
4) жануарларды ғылыми, мәдени-ағарту, тәрбиелiк және эстетикалық мақсаттарда пайдалану;
5) жануарлардың пайдалы қасиеттерiн және тiршiлiк ету өнiмдерiн пайдалану;
6) жануарлар түрлерінің өсімін молайту мақсаттарында пайдалану.

Жануарлар дүниесiн пайдалануға беру

Жануарлар дүниесi арнайы пайдалануға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен берiлетiн жануарлар дүниесiн пайдалануға арналған рұқсаттар негiзiнде берiледi

Жануарлар дүниесін жалпы пайдалану қандай да бір рұқсатсыз жүзеге асыралады (Заңның 26-бабы).

Жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлемақы

Жануарлар дүниесiн жалпы пайдалану ақысыз жүзеге асырылады. Жануарлар дүниесiн арнайы пайдалану Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес ақылы негiзде жүзеге асырылады (Заңның 28-бабы).

Аң аулау ұғымы және түрлерi

Аң аулау - аң аулау объектiсi болып табылатын жануарлар түрлерiн мекендейтiн ортасынан алуды жүзеге асыру арқылы жануарлар дүниесiн арнайы пайдалану түрi.
Жануарлар дүниесi объектiлерiн аулау мақсатында iздеу, iзiн кесу және iзiне түсу, аулауға әрекет жасау, аңшылық алқаптарда қабынан шығарылған аңшылық қаруы және басқа да аң аулау құралдары немесе аң аулаудан алған өнiмдерi бар, қарғыбауы алынған аң аулайтын иттерi мен аушы жыртқыш құстары бар адамдардың жүруi аң аулауға теңестiрiледi.

Аң аулау:

1) кәсiпшiлiк аң аулау;

2) әуесқойлық (спорттық) аң аулау, оның ішінде ұлттық аң аулау болып бөлiнедi.
Кәсiпшiлiк аң аулау - аң аулау объектiсi болып табылатын жануарлар түрлерiн кәсiпкерлiк қызмет мақсатында аулау.

Әуесқойлық (спорттық) аң аулау - аң аулау объектiсi болып табылатын жануарлар түрлерiн спорттық, эстетикалық қажеттiктерiн қанағаттандыру мақсатында және ауланған өнiмдi жеке тұтыну үшiн аулау.

Ұлттық аң аулау - аушы жыртқыш құстар мен аңшылық иттердің ұлттық тұқымдарын пайдалана отырып, әуесқойлық (спорттық) аң аулау объектісі болып табылатын жануарлар түрлерін аулау.

Егер уәкiлеттi орган өзгеше белгiлемесе, аң аулау бекiтiлiп берiлген аңшылық алқаптарда жүргiзiледi (Заңның 32-бабы).

Аң аулау құқығы

Аң аулау құқығы жеке тұлғаларға:

1) егер аң аулау атыс қаруы қолданыла отырып жүргiзiлетiн болса, он сегiз жасқа толған;

2) егер аң аулау аңшылық ережелерiнде рұқсат етiлген басқа да аңшылық құралдарының түрлерi, аңшылық иттер мен аушы жыртқыш құстар қолданыла отырып жүргiзiлетiн болса, он төрт жасқа толған;

3) аңшылыққа қойылатын ең төменгi талап бойынша емтихан тапсырғаны туралы белгiсi бар аңшы куәлігі болған және аң аулау құқығына рұқсат беру үшiн Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгiленген мемлекеттiк бажды төлеген;

4) жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсат алған жағдайда берiледi.
Шетелдiктер үшiн Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау құқығы аңшылық шаруашылығы субъектісімен жасасқан аң аулауды ұйымдастыру шартының және оның аң аулау құқығын куәландыратын тұратын елінде берiлген құжаттың және жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсат алуының, сондай-ақ ішкі істер органдарынан аңшылық атыс қаруын және оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге рұқсатының негiзiнде туындайды (Заңның 33-бабы).

2-бөлім.

Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы жануарлар түрлерін аңшылық мақсатында алуға қатысты нормативтік-құқықтық актілер

Қазақстан Республикасында аң аулау ережесі мен мерзімі

Осы Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау ережесі (бұдан әрi – Ереже) «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегі Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасының аумағында аң аулауды ұйымдастыру және өткізу тәртібін регламенттейдi.

Аңшылық алқаптар – бұл аң аулау және аңшылық шаруашылығын жүргiзу жүзеге асырылатын немесе жүзеге асырылуы мүмкiн аң аулау объектiсiн бiлдiретiн жануарлар түрлерiнiң тiршiлiк ортасы болып табылатын аумақтар мен акваториялар.

Аңшылық алқаптар:

1) аң аулау және аңшылық шаруашылығын жүргiзу үшiн жануарлар дүниесiн пайдаланушыларға бекiтілiп берiлген;

2) аңшылық алқаптардың резервтiк қорындағы аң аулау және аңшылық шаруашылығын жүргiзу үшiн жануарлар дүниесiн пайдаланушыларға бекітілiп берiлмеген;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен аңшылық шаруашылығын жүргізуге және аң аулауға жол берiлетiн ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналасқан жерлер болып бөлiнедi.

Егер жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) өзгеше белгiлемесе, аң аулау бекітіліп берiлген аңшылық алқаптарда жүргiзіледi.

Шетелдік азаматтардың Қазақстан Республикасының аумағында бекітіп берілген аңшылық алқаптарда ғана аң аулауға, осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес аңшылық шаруашылығы субъектісімен жасасқан аң аулауды ұйымдастыру шартының болған кезде және тұрғылықты елінде берілген олардың аң аулау құқығын куәландыратын құжаты және рұқсаты, сондай-ақ аңшылық атыс қаруы мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге ішкі істер органдарының рұқсаты болған жағдайда құқығы болады.

Шетелдіктердің қатысуымен әуесқойлық (спорттық) аңшылық уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.

Жануарларды олжалау құралдары аңшылық атыс қаруы, аушы жыртқыш құстар, аң аулайтын иттер және аң аулаудың түрiне байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған барлық техникалық құралдарды қолдана отырып жануарлар олжаланатын құралдар болып танылады.

Аң аулау өнiмдерi болып жануарлардың терiлерi (мамық жүнді тері, тері шикiзаты, құстардың терісі), олардың еті, майы, қауырсыны мен мамығы, бұғы мүйiзi, жұпары, өтi, бас сүйектерi, мүйiздерi (табиғи жолмен тасталған немесе мерт болған жануарлардан басқа), азу тiстерi және жануарлар денесiнiң басқа да бөлiктерi, құстар мен бауырымен жорғалаушылардың жұмыртқалары, сондай-ақ ауланған жануарлардың өздерi танылады.

Аң аулау тәртібі

Аң аулау уәкiлеттi орган немесе оның аумақтық бөлімшелері беретін аң аулауға тиiстi рұқсаттың негiзiнде жүргiзіледi (бұдан әрі –рұқсат).

Кәсiпшiлiк аң аулауға аңшыда мынадай құжаттар:

1) аңшылыққа қойылатын ең төменгi талап бойынша емтихан тапсырғаны және аң

аулау құқығына рұқсат беру үшiн Қазақстан Республикасының салық заңнамасы белгiлеген мемлекеттiк бажды төлегені туралы белгiсi бар аңшы куәлігі;

2) рұқсат;
3) аңшылық атыс қаруын қолданып аң аулаған кезде – аңшылық атыс қаруын сақтау және алып жүру құқығына берген Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының рұқсаты;
4) аушы жыртқыш құстармен аң аулаған кезде – белгiленген тәртiппен берiлген оларды тіркеу туралы құжаттар;

5) аңшылық шаруашылығы субъектісімен жасалған шарттар;

6) аңшылық шаруашылығы субъектісінің жолдамалары;

7) кәсiпшiлiк журналы болған кезде жол беріледі.
Кәсiпшiлiк аң аулаудың ұжымдық (топтық) нысаны кезiнде аңшылық шаруашылығы субъектісі рұқсатты пайдалану үшiн жауапты тұлға тағайындайды.

Әуесқойлық (спорттық) аң аулауға аңшыда мынадай құжаттар:
1) аңшылыққа қойылатын ең төменгi талап бойынша емтихан тапсырғаны және аң аулау құқығына рұқсат беру үшiн Қазақстан Республикасының салық заңнамасы белгiлеген мемлекеттiк бажды төлегені туралы белгiсi бар аңшы куәлігі;

2) рұқсат;

3) аңшылық шаруашылығы субъектісінің жолдамалары;

4) аңшылық атыс қаруын қолданып аң аулаған кезде – аңшылық атыс қаруын сақтау және алып жүру құқығына берген Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының рұқсаты;

5) аушы жыртқыш құстармен аң аулаған кезде – белгiленген тәртiппен берiлген оларды тіркеу туралы құжаттар болған кезде жол берiледi.

Тұяқты жануарлар мен аюды әуесқойлық (спорттық) мақсатта аулаудың ұжымдық (топтық) нысаны кезiнде рұқсатты пайдалануға жауапты аңшының деректерi рұқсаттың бет жағына, ал қалған қатысушылардың деректері олардың аңшы куәлiктерiнiң нөмiрлерi көрсетіліп, сырт жағына енгiзіледi.

Тұяқты жануарлар мен қоңыр аюды олжалау қорықшының немесе жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөніндегі мемлекеттік инспектордың қатысуымен жүргізіледі (17-т.).

Тұяқты жануарлар мен қоңыр аю олжаланғаны туралы белгіні осы Ереженің 17-тармағында көрсетілген адамдар атып алғаннан кейін, жануарлардың басқа түрлері олжаланғаны туралы белгіні аң аулау аяқталғаннан кейiн күн сайын не келесі аң аулау орнына ауысқан кезде сол күні қорықшы немесе ол болмаған кезде аңшының өзi рұқсатқа, егер бұл рұқсат нысанында көзделген болса, жолдамаға, ал кәсiпшiлiк аң аулау кезiнде – кәсiпшiлiк журналына белгi жасайды.

Қасқырларды, шибөрiлердi және сұр қарғаларды олжалауға:
1) жануарлар дүниесiн қорғауды уәкiлеттi органның және оның мамандандырылған ұйымдарының лауазымды тұлғалары, сондай-ақ аңшылық шаруашылығы субъектісінің қорықшылық қызметi қызметтік қаруды пайдаланып және авиа, автомото, көлік құралдарын, оның ішінде қарда жүретін техниканы пайдаланып жүзеге асырған;
2) жануарлардың басқа түрлерiн аулауды аң аулауға берілген рұқсат қолданылатын аңшылық шаруашылығы субъектісінің аумағында жүргізілген (авиа, автомото, көлік құралдарын, оның ішінде қарда жүретін техниканы пайдаланбай) кезде рұқсат талап етiлмейдi.
Аң аулау:

1) тегiс ұңғылы аңшылық атыс қаруын;

2) ойық ұңғылы аңшылық атыс қаруын (құстардан басқа);

3) қолдан жасалған құралдарды (қапқандарды, тұзақтарды, салмақты қысқышты, қаусырманы);

4) аң аулайтын иттер мен аушы жыртқыш құстарды қолданып жүргiзiледi.

Iрi жыртқыш жануарларды және саны реттелуге жататын жануарларды аң аулау мерзiмiнен тыс кезде олжалау Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының негiзiнде жүргiзiледi.

Жолдаманың қолданылу аумағынан тыс жерде аң аулайтын иттердi iздеп, шақыру кезінде аңшы аңшылық атыс қаруының оғын алып, бөлшектейді.

Жолдаманың қолданылу аймағынан тыс жерде жараланған тұяқты жануарлардың, аю мен қасқырлардың iзiне түсуге және оларды жинап алуға жараланған жануар аңшылық алқаптарында жүрген аңшылық шаруашылығы субъектісінің уәкiлеттi тұлғасының келісімiмен жол берiледi.

Аң аулау аяқталғаннан кейiн, аң аулау аралығындағы үзiлiстерде, бiр жерден екiншi жерге көшкен кезде, сондай-ақ уәкiлеттi тұлғалар аңшының аң аулауының заңдылығын тексеруi кезiнде аңшылық атыс қаруы оғы алынған күйге келтiріледi.
Мылтық қарудың оқ ұясында және оқшантайында оқ болмаған кезде оғы алынып тасталған болып есептеледi.

Ен салынған (сақина, микрочип салынған) құстарды немесе сүтқоректiлердi олжалау кезiнде олжалаудың күнi мен орны көрсетiлген ақпарат, сақина, микрочип және басқа да белгiлер кейіннен ғылым мен ғылыми-техникалық қызмет саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттік органға одан әрі беру үшiн аңшылық шаруашылығы субъектісінің уәкiлеттi тұлғасына немесе уәкiлеттi органның аумақтық бөлімшесіне беріледі.

Мына жағдайларда:

1) аңшы куәлігінсіз;

2) аңшы куәлігінде тиісті жылға аң аулау құқығына рұқсат беру үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгілеген мемлекеттік баждың төленгені туралы белгісіз;

3) iшкi iстер органдарының аңшылық атыс қаруын сақтау және алып жүру құқығына берген рұқсатынсыз, ал шетелдiк азаматтарға - iшкi істер органдарының Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге аңшылық атыс қаруын әкелуге және әкетуге берген рұқсатынсыз;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тiркеуден өткiзiлмеген аушы жыртқыш құстармен;

5) егер уәкілетті орган өзгеше белгілемесе, аңшылық алқаптардың резервтiк қорында;

6) аңшылық шаруашылығы субъектісімен шарт жасаспай кәсiпшiлiк мақсатта;

7) қолданылуы осы Ережеде көзделмеген олжалау құралдарымен;

8) тегiс ұңғылы аңшылық қаруын қолданып, елдi мекендердiң жерлерiнде, сондай-ақ олармен іргелес аумақтарда, олардың айналасында екі шақырым және ойық ұңғылы аңшылық қаруын қолданып үш шақырым радиуста;

9) уәкілетті органның рұқсатынсыз өнеркәсiп, көлiк, байланыс, қорғаныс жерлерiнде;

10) өнiм жинау аяқталғанға дейiн ауыл шаруашылығы дақылдары егілген жерлерде;

11) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен табиғатты пайдаланудың жекелеген түрлеріне жол берiлетiн аумақтарды қоспағанда, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда;

12) қозғағышын iске қосып, авиа-, авто-, мотокөлiк құралдарын, қарда жүретiн техниканы (қасқыр аулауды қоспағанда), шағын көлемдi кемелердi, әуесқойлық (спорттық) мақсаттарда;

13) алкогольмен немесе есірткі заттармен масаю немесе өзге де түрдегі интоксикация жағдайындағы адамның;

14) мүшкiл және дәрменсіз күйге ұшыраған (дауылдан, су тасқынынан, өрттен бас сауғалаған, су айдындары арқылы жүзіп өту кезінде, көктайғақта, аштықтан тұралаған, жылым суларды паналаған суда жүзетiн құстарға) жануарларға;

15) жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупі төнген түрлеріне (оларды Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес олжалау жағдайларынан басқа);

16) өзен құндызына, кәмшатқа, күзенге, су тышқанына аңшылық қаруды қолданып;

17) кейiннен қалпына келтiре отырып, аң аулайтын иттердi құтқару үшiн iндердi қазуды қоспағанда, жануарлардың тұрағын бұзып және зақымдап;

18) өзен құндызы тұрғызған бөгеттерді бұзып;

19) түнгi көздеуіштерді және дыбыссыз атуға арналған құрылғыларды, лазерлiк нысана көрсеткiштерді қолданып;

20) жарықтандыру аспаптарын қолданып;

21) дыбыс шығарғыш электрондық құрылғыларды қолданып;

22) пневматикалық, лақтыратын қаруды қолданып (жануарлар дүниесi объектiлерiн иммобилизациялауға және егуге байланысты ғылыми-зерттеу және алдын алу жұмыстарын жүргiзу үшiн садақтар мен арбалеттерді пайдаланудан басқа);

23) сауыт бұзатын, өртегіш немесе жарғыш қуаты, ауыртпалық орталығы ауыстырылған оқтары бар патрондарды қолданып;

24) тегiс ұңғылы аңшылық мылтығына қолдан жасалған иір ойықты салмалы (қосалқы) ұңғыны қолданып;

25) бос жерлерді, су бетiндегі өсiмдiктердi жағумен, басқа да өсімдiктерді түбiрiмен қопарып және жойып;

26) өздiгiнен атылатын қаруды, қысқышты, қаусырманы, қапсырманы, кескiштi қолданып, құлама, аулау орларын құрып, адам байқамайтын айқындаушы белгілерінсіз ірі қақпандарды, шатырларды, бастырмаларды, iлмектердi, найзаларды, сүңгі құс желiмін орнату жолымен, түтін салып, жылтыр мұзға, қатқыл мұзға, терең қарға және топырағы жабысқақ сортаңға, шабылған қамысқа айдап шығарып, аюды, тұяқты жануарларды және құстарды аулау кезiнде қақпанды қолданып, қоршауға алып, тағамен аулап;

27) торларды қолданып; су құю арқылы iнінен шығарып (уәкiлеттi органмен келісiм бойынша жабайы жануарларды мекенiн ауыстыру немесе оларды қолда ұстау үшін оларды аулауды қоспағанда);
28) жарылғыш құрылғыларды, химиялық және улы заттарды қолданып, уәкiлеттi органмен немесе оның аумақтық бөлімшесімен келiсім бойынша тышқан тектес кемiргiштердi (саршұнақтарды, сұр егеу құйрықтарды, аламандарды) жойған кезде, сондай-ақ жануарлардың құтыру эпизоотиясы және басқа аурулары жағдайында улы химикаттарды қолдануды қоспағанда;

29) жануарлар түрлерін рұқсатта көрсетілген мөлшерден тыс және рұқсатта көрсетiлмеген жануарлардың басқа түрлерiн олжалау жолымен;

30) аңшылық шаруашылығы субъектісінің жолдамасынсыз;

31) басқа елдерден әкелінген аушы жыртқыш құстарды пайдалана отырып аң аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлеріне;

32) бүйірден (сақинадан) от алатын оққа арналған бес бүтін оннан алты миллиметр калибрлі иір ойықты қаруды қолданып, әуесқойлық (спорттық) мақсатта суырға;

33) қорықшының немесе жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөніндегі мемлекеттік инспектор бастап жүрмей тұяқты жануарлар мен қоңыр аюға;

34) көктемгі аң аулау кезінде аталық үйректі алдамшы үйрексіз немесе тұлыпсыз аулау;

35) тыныштық аймақтары мен өсімін молайту учаскелерінде аң аулауға тыйым салынады.

Аң аулауды жүргiзу мерзiмдерi

Жануарлардың таралымдарын сақтау, олардың өсiмiн молайтуға қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету және шаруашылық пайда табу мақсатында Қазақстан Республикасында осы Ережеге 11-қосымшаға сәйкес аң аулау мерзiмдерi белгiленедi

Уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері аң аулауды ашу туралы және өңiрдiң табиғи-климаттық жағдайларына байланысты осы Ережеде белгiленген мерзiм шегiнде көктемгі аң аулаудың басталуын күнтiзбелiк 15 күнге дейiн неғұрлым кеш мерзiмге ауыстыру туралы да шешiм қабылдайды.

Қазақстан Республикасының аумағында жануарларды аулауды өткізу мерзiмдерi

Жануарлар түрлері

Аң аулау мерзiмдерi

Су тышқан (ондатра)

1 қазан - 15 ақпан

Кәдiмгi тиiн

20 қазан - 15 ақпан

Жанат тектес ит, қарсақ, түлкi, бұлғын, құну, сарғыш күзен, ақ қалақ, ақкiс, сары күзен, сасық күзен, американ су күзенi, кәмшат (ортаазиялықтан басқасы),
Сiлеусiн (түркістандықтан басқасы), жанат, қоян (құм қоян, ақ қоян, ор қоян)

1 қараша - 15 ақпан (аң аулайтын ит түрлерімен және аушы жыртқыш құстармен қарсақ, түлкі және қоян аулау солтүстiк аймақта**
15 қазаннан бастап аулау)

Зорман (сары тышқан)

ұйқыдан шыққаннан бастап - 30 сәуiрге дейін

Суырлар*

15 маусымнан бастап ұйқыға жатқанға дейін

Шалшықшылар, жылқышы

1 шілдеден бастап 30 қарашаға дейін (аталық жылқышыны көктемгі аулауға 1 наурыз-30 сәуір кезеңінде 15 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге рұқсат етіледі)

Бөдене, кептер, түркептер

20 тамыздан бастап 30 қарашаға дейін (аң аулайтын иттермен және қыран құстармен 15 шілдеден бастап ұшып кеткенге дейін бөдене аулау)

Маймаққаз, қаз*, қарашақаз, үйрек*, қасқалдақ

қыркүйектің алғашқы сенбісінен бастап 30 қарашаға солтүстік өңірлер бойынша**, 15 желтоқсанға дейін оңтүстік өңірлер бойынша *** (аталық үйректерді көктемгі аулауға
1 наурыз - 15 мамыр кезеңінде
15 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге рұқсат етіледі)

Шiл (аққұр, тундралық, сұр, дала шiлi, сақалды шiл), шіл

қыркүйектің алғашқы сенбісінен - 15 қарашаға дейін (аулайтын иттермен және аушы құстармен 15 тамыздан бастап)

Құр

қыркүйектің алғашқы сенбісінен - 30 қарашаға дейін солтүстік аймақтар бойынша**, 15 желтоқсанға дейін оңтүстік аймақтар бойынша *** (аталық құрларды көктемгі аулауға
1 наурыз - 5 мамыр кезеңінде
15 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге рұқсат етіледі)

Қоңыр аю (тянь-шань аюынан басқа)

қыркүйектің алғашқы сенбісінен - 30 қараша аталықтары мен қысыр қалған аналықтарын көктемгi аулауға 15 сәуір - 15 мамыр кезеңiнде 15 күнтізбелік күннен аспайтын мерзiмге рұқсат етiледi

Борсық

қыркүйектің алғашқы сенбісінен - 31 желтоқсан

Марал, аскания бұғысы, қабан, құдыр, бұлан

1 қыркүйек - 31 желтоқсан

Сібір елігі

20 қыркүйектен бастап 31 желтоқсанға дейін (аталығына 1 тамыздан бастап)

Сібір тау ешкісі

1 қыркүйектен бастап 31 желтоқсанға дейін (аталығына 1 тамыздан бастап)

Саңырау құр

1 қазан - 30 қараша аталықтарын көктемгi аулауға 1 наурыз - 15 мамыр кезеңiнде 15 күнтiзбелiк күннен аспайтын мерзiмге рұқсат етіледi

Гималай ұлары, кекiлiк

1 қазан - 15 желтоқсан

Құндыз

15 қазан - 31 желтоқсан

Қырғауыл

15 қазан - 31 желтоқсан (аң аулайтын иттермен және аушы құстармен 1 қазаннан бастап)

Ескертпе:
* - Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген
түрлерден басқа.
** - Солтүстік аймақ: Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан,
Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары,
Қарағанды облысының Осакаровка, Бұқар жырау, Нұра,
Қарқаралы, Абай аудандары, Шығыс Қазақстан облысының
Күршім, Көкпекті, Катонқарағай, Жарма, Ұлан, Абай, Зырян,
Глубокое, Шемонаиха, Бородулиха, Бесқарағай аудандары,
сондай-ақ Семей және Риддер қалаларының әкімшіліктеріне
бағыныстағы жерлері.
*** - Оңтүстік аймақ: Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау,
Оңтүстік Қазақстан облыстары, Қарағанды облысының
Жаңаарқа, Шет, Ақтоғай, Ұлытау аудандары, Шығыс Қазақстан
облысының Аягөз, Тарбағатай, Зайсан, Үржар аудандары.

Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы

Қазақстан Республикасының Кодексі

(Салық кодексі)

Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы(72-тарау).

1. Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы (бұдан әрі – төлемақы) жануарлар дүниесін арнайы пайдалану тәртібімен жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін алынады.

2. Жануарлар дүниесін арнайы пайдалану жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган беретін жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттың (бұдан әрі – рұқсат) негізінде жүзеге асырылады.

3. Жануарлар дүниесін пайдалану түрлері Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде белгіленеді.

4. Сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген жануарлар түрлерін пайдалану үшін төлемақыны әрбір жекелеген жағдайда осы жануарларды табиғи ортадан аулауға рұқсат беру кезінде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

Мынадай жағдайларда:

- жануарларды табиғи ортадан ғылыми-зерттеу және шаруашылық мақсаттарында ен салу, сақина салу, көшіру, жерсіндіру, жасанды көбейту және будандастыру мақсаттары үшін ұстап алып, кейіннен табиғи ортаға жіберген кезде;

- жеке және заңды тұлғалардың меншігі болып табылатын, жасанды жолмен өсірілген әрі қамауда және (немесе) жартылай қамауда ұсталатын жануарлар дүниесінің объектілерін пайдаланған кезде;

- жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган балық ресурстарын және су жануарларының басқа да түрлерін пайдалануға арналған биологиялық негіздеу мақсатында балықтар мен басқа да су жануарларын бақылау үшін аулауды жүзеге асырған кезде;

- халық денсаулығын қорғау, ауыл шаруашылығы және басқа да үй жануарларын аурудан қорғау, қоршаған ортаға зиянды болғызбау, ауыл шаруашылығы қызметіне айтарлықтай залал келтіру қаупінің алдын алу мақсатында саны реттелуге тиіс жануарлар түрлерін алған кезде төлемақы алынбайды.

- Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері өзінің орналасқан жері бойынша салық органдарына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша төлемақы төлеушілер мен салық салу объектілері туралы мәліметтерді тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-нен кешіктірмей табыс етеді.

Жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсат беру ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1469қаулысы

Осы Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында жеке және заңды тұлғаларға, оның ішінде шетелдіктер мен шетелдік заңды тұлғаларға жануарлар дүниесін арнайы пайдалануға арналған рұқсат берудің тәртібін айқындайды.

Жануарлар дүниесін пайдалануға арнайы рұқсаттар (бұдан әрі - рұқсаттар) жануарлар дүниесін пайдаланудың мынадай түрлеріне:

1) аң аулауға;

2) теңіз сүт қоректілері мен судағы омыртқасыз жануарларды аулауды қоса алғанда, балық аулауға;

3) аң аулау мен балық аулау объектілеріне жатпайтын жануарларды шаруашылық мақсаттарда пайдалануға;

4) жануарларды ғылыми, мәдени-ағарту, тәрбиелік және эстетикалық мақсаттарда пайдалануға;

5) жануарлардың пайдалы қасиеттерін және тіршілік ету өнімдерін пайдалануға беріледі.

Рұқсаттар жануарлар дүниесін пайдалану үшін төлемдер енгізу шарттарына және Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жануарларды алып қоюдың белгіленген көлеміне (мөлшеріне) беріледі.

Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы бақылау. Осы Ережені бұзу Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен көзделген жауапкершілікке әкеледі.

Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және
пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылау

Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту жәнепайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау (Заңның 49-бабы)

Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
Тексеру "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды уәкiлеттi орган және оның аумақтық бөлімшелері:
1) тексерулердiң жылдық жоспары бойынша жылына бiр реттен көп емес;
2) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзу фактiлерi туралы жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерi бойынша, олардың түсуiне қарай;
3) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы келеңсiз салдарларды растайтын ғылыми зерттеулер мен жануарлар дүниесiнiң мониторингi нәтижелерi бойынша, олардың айқындалуына қарай, оларды жою жөнiндегi ұсынымдарды ескере отырып;
4) жоспарлы iс-шаралар нәтижесiнде анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың нұсқамада көрсетiлген мерзiмде орындалуын бақылау мақсатында жүзеге асырады.

Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті және аумақтық органдардың лауазымды адамдарының:
1) объектілерге жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары талаптарының сақталуы тұрғысынан бақылау мақсатында баруға, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жануарлар дүниесін пайдаланушылардың қызметі туралы ақпарат алуға;
2) осы Заңда берiлген өкiлеттiктер шегiнде актiлер шығаруға;
3) тексеру материалдарын құқық қорғау органдарына iс жүргiзу шешiмiн қабылдау үшiн беруге;
4) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуы анықталған кезде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жануарлар дүниесiн пайдаланушылардың қызметiн тоқтата тұруға немесе қызметiне тыйым салу туралы ұсыныс енгiзуге;
5) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуы салдарынан келтiрiлген зиянның көлемiн анықтауға және осының негiзiнде кiнәлi тұлғаларға осы зиянды ерiктi түрде өтеу туралы талап қоюға не сотқа талап-арыз беруге;
6) Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне сәйкес жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға;
7) аңшылық алқаптардың, балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің аумақтарында және олардың жағалау белдеуінде, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда және олардан шыққан кезде көлiк және жүзу құралдарын тоқтатуға, оларды жете тексеруге;
7-1) су тарту құрылыстарын оларды тиісті балық қорғау құрылғыларымен жабдықтау және су тұтыну шарттарын уәкілетті органмен келісу нысанына тексеруді жүзеге асыруға;
7-2) аңшылық алқаптары мен балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде, жағалау белдеуінде болған және олардан шыққан кезде адамдардың жануарлар дүниесін пайдалану құқығына арналған құжаттарын тексеруге;
8) жануарлар дүниесi объектiлерiн аулау құралдарының тыйым салынған түрлерiн сот шешiм қабылдағанға дейiн сақтау үшiн алып қоюға;
9) заңсыз ауланған жануарлар дүниесi объектiлерiн және олардың тiршiлiк ету өнiмдерiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен алып қоюға;
10) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңдарын бұза отырып пайдаланылған атыс қаруын сот шешiм шығарғанға дейiн уақытша сақтау үшiн алып қоюға;
11) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен арнаулы құралдар мен қызметтік қаруды сақтауға, алып жүруге және қолдануға құқығы бар.

Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті және аумақтық органдардың лауазымды адамдары:
1) аңшылық және балық шаруашылықтарын жүргiзу ережелерiнiң сақталуына;
2) аң аулау және балық аулау ережелерiнiң сақталуына;
3) жеке және заңды тұлғалардың аңшылық және балық шаруашылықтарын жүргізуге арналған шарт талаптарының орындалуына;
4) жануарларды ерiксiз немесе жартылай ерiктi жағдайларда ұстау тәртiбiнiң, сондай-ақ зоологиялық коллекциялардың сақталуына;
5) жануарлар дүниесiн пайдалану үшiн белгiленген шектеулер мен тыйым салулардың сақталуына;
6) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөнiндегi iс-шаралардың орындалуына;
7) жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды, будандастыру мен жерсіндіруді жүзеге асыру тәртiбiнiң сақталуына;
8) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы нормативтердiң сақталуына;
9) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңдарының өзге де талаптарының орындалуына бақылау жасауға мiндеттi.
3. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар айырым белгілері бар нысанды киiммен (погонсыз) қамтамасыз етiледi.

Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңдары талаптарының бұзылуының белгiлi болуына байланысты мемлекеттiк бақылау және қадағалау нәтижелерi бойынша ықпал етудiң құқықтық шараларын қолдану мақсатында жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органның және оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдары мынадай актiлер:
1) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама;
1-1) тексеру актiсi;
2) мынадай:
жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын бұзуды жою туралы;
жеке және заңды тұлғалардың шаруашылық қызметiне сот шешiмiнсiз үш күннен аспайтын мерзiмге тыйым салу немесе көрсетiлген мерзiмде сотқа мiндеттi түрде талап-арыз бере отырып, оны тоқтата тұру туралы ұйғарым шығарады. Бұл ретте шаруашылық қызметке тыйым салу немесе оны тоқтата тұру туралы акт анықталған бұзушылықтар жойылғанға немесе сот шешiмi шығарылғанға дейiн қолданыста болады;
3) мынадай:
жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңдарын бұзған жағдайда кiнәлi тұлғаларды әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тарту туралы;
Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңдарын бұза отырып пайдаланылған атыс қаруын, тыйым салынған аулау құралдарын және заңсыз ауланған жануарлар дүниесi объектiлерi мен олардың өнiмдерiн сот шешiмi шығарылғанға дейiн уақытша сақтау үшiн алу туралы қаулы шығарады.
2. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкiлеттi орган және оның аумақтық бөлімшелері лауазымды адамдарының актiлерi жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi.

Жануарлар дүниесiн мемлекеттiк қорғау

Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн мемлекеттiк қорғау (бұдан әрi - жануарлар дүниесiн мемлекеттiк қорғау) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану мәселелерiн қадағалайтын жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мамандандырылған ұйымдардың қызметкерлерiнен құралады (Заңның 55-бабы).
2. Жануарлар дүниесiн мемлекеттiк қорғауға өзiне жүктелген мiндеттердi орындау үшiн:
1) жеке және заңды тұлғалардың аң және (немесе) балық аулау құқығын беретiн құжаттарын тексеру;
2) Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне сәйкес жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтыру;
3) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында құқық бұзушылықтар жасаған адамдарды ұстап, құқық қорғау органдарына жеткiзу;
4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес көлiк құралдарын, өзге де объектiлер мен орындарды, ал қажет болған кезде - ұсталған адамдардың жеке заттарын жете тексеру;
5) жеке және заңды тұлғалардан Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңдарын бұза отырып пайдаланылған атыс қаруын, заңсыз аң аулау мен балық аулаудан алынған өнiмдi, аулау құралдарының тыйым салынған түрлерiн алып қою және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен олардың бұдан әрi тиесiлi болуы туралы мәселенi шешу;
6) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен айырым белгілері бар нысанды киiм (погонсыз) кию және қызметтік қару алып жүру құқығы берiледi.
3. Жануарлар дүниесiн мемлекеттiк қорғау:
1) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы құқық бұзушылықтарды болдырмауға және олардың жолын кесуге;
2) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңдарын бұзу фактiлерi бойынша ақпаратты, талап қою мен өзге де материалдарды уәкiлеттi және құқық қорғау органдарына, сотқа жiберуге мiндеттi.
4. Жануарлар дүниесiн мемлекеттiк қорғаудың лауазымды адамдарына Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен арнаулы құралдар мен қызметтiк қаруды сақтауға, алып жүруге және қолдануға рұқсат берiледi.
5. Жануарлар дүниесiн мемлекеттiк қорғаудың лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртiппен айырым белгілері бар нысанды киiммен (погонсыз) және қызметтiк қарумен қамтамасыз етiледi.
6. Жануарлар дүниесiн мемлекеттiк қорғау қызметi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен Жануарлар дүниесiн мемлекеттiк қорғау туралы ережемен айқындалады.

Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту
және пайдалану жөнiндегi өндiрiстiк бақылау

Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөнiндегi өндiрiстiк бақылау - бекiтiп берiлген аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерiнде жануарлар дүниесiн қорғау функциясын жүзеге асыратын аңшылық шаруашылығы мен балық шаруашылығы субъектілерінің қорықшылық қызметi (Заңның 56-бабы).

Қорықшылық қызмет бекiтiлiп берiлген аңшылық алқаптарында және балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерiнде жануарлар дүниесін қорғау және өсімін молайту қызметін жүзеге асыратын аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.(Аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерінің қорықшылық қызметі туралы үлгі ережені бекіту туралыҚазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 12 сәуірдегі № 249 Бұйрығы)(бұдан әрі – Қорықшылық қызметі туралы ереже).

Қорықшылық қызметтi аңшылық шаруашылығы субъектілері өз қаражаты есебiнен аңшылық шаруашылығын жүргiзу шартында көзделген және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 желтоқсандағы № 1441 қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасында Аңшылық шаруашылығын жүргізу ережесіне сәйкес белгіленген штат санында құрады.

Қорықшылық қызметке аңшылық және балық шаруашылығы субъектілерінің қызметкерлерi, олардың бiрлестiктерi (аңшылар бiрлестiктерiн қоса алғанда): басшылары және олардың орынбасарлары, саятшылар, аға қорықшылар, қорықшылар жатады.

Аңшылық шаруашылығының қорықшылық қызметіне он сегiз жасқа толған, атыс қаруын сақтауға және алып жүруге құқығы бар және жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы заңнаманы бұзғаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапқа тартылмаған адамдар қабылданады.

Қорықшылық қызметтің негізгі міндеті берілген аңшылық алқаптары мен балық шаруашылығы тоғандарында және (немесе) учаскелерде жануарлар дүниесін қорғау. Основной задачей Егерской службы является охрана животного мирамира на закрепленных охотничьих угодьях и рыбохозяйственных водоемах и (или) участках.

Қорықшылық қызметтiң негiзгi функциясы (Қорықшылық қызметі туралы ереженің 11-т.):

1) жануарлар дүниесінің объектілерін және олардың мекен ету ортасын қорғау;
2) белгіленген жануарлар дүниесін пайдалану ережесінің бұзылуын тоқтату;
3) жануарлардың мекендейтiн ортасын, көбею жағдайларын, өрiс аудару жолдарын және шоғырланған жерлерiн қорғауды ұйымдастыру;
4) жануарларды жасанды жағдайда өсіру;
5) жануарлар дүниесі санын есептеу және жай-күйінің өндірістік мониторингін жүргізу;
6) жануарлар дүниесінің өсімін молайту;
7) қорықшының күнделiгiнде, аумақтық бөлімшеге және санитарлық-эпидемиологиялық, ветеринариялық қадағалау (аңшылық шаруашылығы субъектілері үшін) органдарына баяндау жазбаларында, рапорттарында көрсете отырып, фенологиялық байқау жүргiзу;
8) ақпараттық аншлагтардың, жем беру алаңқайларының және өртке қарсы қауiпсiздiк ережелерiнiң сақталуын қамтамасыз ету;
9) ауру, дүлей апаттар және басқа да себептер салдарынан жойылу қаупі төнген жағдайда жануарларға көмек көрсету;
10) жануарлар дүниесінің объектілерін қорғау және тұрақты пайдалану идеясын насихаттау.

Қорықшылық қызметінің қызметкерлері (бұдан әрі – қорықшылар) жануарлар дүниесін қорғауды бекітіліп берілген аңшылық алқаптарында және балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде жүзеге асырады(Қорықшылық қызметі туралы ереженің 12-т.).
Қорықшының:
1) Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес кейiннен оларды жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторларға, уәкiлеттi органға не сотқа мiндеттi түрде беру үшiн әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтыруға;
2) қызметтік қаруды алып жүруге және айырым белгілері бар арнаулы киім киюге;
3) жеке және заңды тұлғалардың аң аулауға және балық аулауға құқық беретін құжаттарын тексеруге;
4) аң аулау қағидаларын бұзғаны үшін атыс қаруын кейіннен ішкі істер органдарына міндетті түрде беру үшін алып қоюға;
5) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұза отырып пайдаланылған аулау құралдарын, заңсыз аулап алынған аң аулау және балық аулау өнімдерін, тыйым салынған аулауға арналған қару түрлерін кейіннен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторға беру үшін алып қоюға құқығы бар.

Қорықшылар қорықшылық қызметтің айыру белгілері бар арнайы киім киіп, қызметтік қарумен қаруланады.

Аңшылық және балық аулау объектілері болып табылатын жануарлардың құнды түрлерінің тізбесі

(Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң

2002 жылғы 15 сәуiрдегi N 433 қаулысымен бекiтiлген)

Сүт қоректілер

Жанат тәрізді ит

Қабан

Қарсақ

Құдыр

Түлкі

Өзен құндызы

Қоңыр аю (Тянь-Шань аюынан басқасы)

Сібір елігі

Жанат

Марал

Бұлғын

Аскания бұғысы

Құну

Бұлан

Сарғыш күзен

Киік

Ақ қалақ

Сібір тау ешкісі

Ақкіс

Кәдімгі тиін

Сары күзен

Зорман

Сасық күзен

Байбақ немесе дала суыры

Американ су күзені

Сұр суыр немесе алтай-тянь-шань суыры

Борсық

Ұзын құйрықты немесе қызыл суыр

Кәмшат (ортаазиялықтан басқасы)

Ондатра немесе су тышқан

Cілеусін (түркістандықтан басқасы)

Құм қоян

Ор қоян

Ақ қоян

Құстар

Қызыл жемсаулы гагара

Тундра аққұры

Қара жемсаулы гагара

Құр

Сұр қаз

Саңырау құр

Ақмаңдайлы қаз

Сұр құр

Қырманқаз

Гималай ұлары

Отүйрек

Кекілік

Сарыалақаз

Дала шілі

Барылдауық

Шіл

Ысылдақ шүрегей

Сақалды шіл

Қырылдақ шүрегей

Бөдене

Боз үйрек

Қырғауыл

Сары айдар үйрек

Қасқалдақ

Қылқұйрық

Дыркептер

Даурықпа шүрегей

Түзкептер

Жалпақ тұмсық

Көк кептер

Қарашақаз

Құз кептер

Қызғыш

Кәдімгі түркептер

Көк сүңгуір

Үлкен түркептер

Қызылбас сүңгуір

Күжіркей

Айдарлы сүңгуір

Шаушалшық

Айдарсыз сүңгуір

Тауқұдырет

Ұшқыр үйрек

Орман маңқысы

Сусылдақ

Ауылдақ тауқұдіреті

Айдарлы үйрек

Тау маңқысы

Қара тұрпан

Маңқы

Кіші бейнарық

Жылқышы

Секпілтес бейнарық

Үлкен шалшықшы

Бейнарық

Қасқа шалшықшы

Аққұр

Үлкен шырғалақ

Кіші шырғалақ

Су жануарлары

Қортпа

Қабыршақты және жалаңаш көкбас

Бекіре (сібірліктен басқасы)

Май балық

Шоқыр

Табан

Пілмай (Арал популяциясынан басқасы)

Қылышбалық

Сүйрік

Алтын және күміс түсті мөңке балық

Қарынсау (бадырақ көзділерін және дөңгелек бастыларын қоса алғанда)

Сазан

Бражников (долгин) майшабағы

Тұқы

Қара жон

Ақ және шұбар дөңмаңдай

Құбылмалы бахтах

Жайын

Майқан

Нәлім

Көкшұбар балық

Кәдімгі алабұға

Көкшарбы

Балқаш (Балқаш-Іле популяциясынан басқасы) алабұғасы

Пайда балық

Көксере

Шыр

Беріш

Мұқсын

Жылаңбас балық

Сібір хариусы

Буффало

Тікенді балық

Түйетабан

Шортан

Ұзын саусақты шаян (түркістандық кіші түрінен басқасы)

Торта, қаракөз

Каспий итбалығы

Тұрпа балық

Шабақ

Аққайран

Кәдімгі және таластық тарақ балық

Ақ амур

Қызыл қанат

Ақмарқа

Балпан балық

Оңғақ

Білеу балық

Қызылкөз

Айнакөз

Қарапайым шармай

Көктран

Өсiмдiктердiң сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген
түрлерiнiң тiзбесi

(Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң

2002 жылғы 10 сәуiрдегi N 408 қаулысымен бекiтiлген)

Сүт қоректілер

Көптісті жертесер

Тас сусары

Жұпар тышқан

Еуропа күзені

Еуропа күзені

Шұбар күзені

Ақбауыр жарқанат

Балжегіш аю

Бүрме ерінді
жарқанат

Орта Азиялық
өзен кәмшаты

Азия жалпаққұлақты
жарқанаты

Қабылан

Иконников
жарқанаты

Шағыл мысығы

Мензбир суыры

Сабаншы

Үнді жайрасы

Қарақал

Жалман

Орта Азия немесе
түркістан
сілеусіні

Бессаусақты
ергежейлі қосаяқ

Барыс

Гептнер ергежейлі
қосаяғы

Түрікмен құланы

Ергежейлі
боз қосаяқ

Тоғай кермаралы

Ергежейлі
майқұйрық қосаяқ

Қарақұйрық

Үлкен көртышқан

Ycтipт арқары

Роборовский
атжалманы

Барыс

Қызылқұм арқары

Қызылқұм арқары

Қызыл қасқыр

Қазақстан арқары

Тянь-Шань қоңыр
аюы

Тянь-шань арқары

Орман сусары

Қаратау арқары

Құстар

Қызғылт бірқазан

Қоқиқаз

Бұйра бірқазан

Кiшi аққу

Кішкене аққұтан

Қутұмсық қаз

Жалбағай, қалбағай

Қызылжемсаулы
қарашақаз

Қарабай

Мәрмәр шүрегей

Түркістан ақ
дегелегі

Қара тұрпан

Қара дегелек

Дентұмсық тұрпан

Алакөз қаралаүйрек

Қоңыр кептер

Ақбас үйрек

Ақбас үйрек

Алтай ұлары

Жыланшы қыран,
бүркіт

Ақтырна

Бақалтақ қыран

Тазтырна

Дала қыраны

Ақбас тырна

Қарақұс

Көңмаңдай

Бүркіт

Дуадақ

Ақиық субүркіт

Безгелдек

Аққұйрықты
субүркіт

Жек дуадақ

Сақалтай,
қозықұмай

Тарғақ

Жұртшы

Орақтұмсық

Құмай

Сүйір тұмсықты
шалшықшы құс

Ақсұңқар

Кiшi шалшықшы құс

Ителгі

Азиялық тарбаң
шырғалақ

Бидайық

Қарабас өгіз
шағала

Yкi

Қарабауыр бұлдырық

Іле жорға торғайы

Ақбауыр бұлдырық

Көкқұс

Ұбақ, қолаңтөс

Үлкен құралайқұс

Шиқылдақ қаз

Ителгі

Қарамойнақ шағала

Су жануарлары

Каспий тілтісі

Шортан тектес
ақмарқа

Сырдария
тасбекіресі

Арал қаязы

Пілмай (арал және
іле популяциясы)

Түркістан қаязы

Волга көп аталықты
майшабағы

Іле қарабалығы
(іле популяциясы)

Каспий албырты

Шу сүйрікқанаты

Арал албырты

Балқаш алабұғасы
(балқаш-іле
популяциясы)

Таймен

Шатқалдық
тас тасалағыш

Сылан

Ciбip бeкipeci

Ақбалық

Ұзын қармауышты шаян (түркістандық тұқымдас)

Күтім

Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабы

Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабы "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған және республика аумағында сирек кездесетiн, саны азайып келе жатқан әрi құрып кету қатерi төнiп отырған жануарлар мен өсiмдiктер түрлерiнiң жай-күйi туралы мәлiметтердiң, оларды зерделеу, қорғау, өсiмiн молайту және ұтымды пайдалану жөнiндегi қажеттi шаралардың жиынтығы бар негiзгi құжат болып табылады. Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабы сонымен қатар Жануарлар мен өсiмдiктер дүниесi мемлекеттiк кадастрының құрамдас бөлiгi болып табылады («Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабы туралы ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 1330 Қаулысының 1-т).

Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабына Қазақстан Республикасының аумағында құрғақта, суда, атмосфера мен жер қыртысында еркiн жағдайда тұрақты және уақытша мекендейтiн жануарлар (сүт қоректiлер, құстар, бауырымен жорғалаушылар, қос мекендiлер, балықтар, сондай-ақ ұлутектiлер, шыбын шiркейлер және басқалары) мен өсiмдiктердiң түрлерi (тұқымдастары, өсiп-өнуi) енедi (Қызыл кітап туралы ереженің 2-т.).

Саны мен өсiрiлу жағдайы олардың тектiк қорының молаюы мен сақталуына қатер төндiрмейтiндей шекке жеткен жануарлар мен өсiмдiктер түрлерi (тұқымдастары, өсiп-өнуi) Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабынан шығарылуға жатады(Қызыл кітап туралы ереженің 3-т.).

Жануарлар дүниесін пайдаланушылар Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабына енгiзiлген жануарлар мен өсiмдiктердiң таралуы, саны және пайдаланылуы туралы, сондай-ақ олардың өлу мен ауыру жағдайлары туралы қолда бар мәлiметтердi Уәкілетті орган мен оның аумақтық органдарына ұсынады(Қызыл кітап туралы ереженің 17-т.).

Жануарлар мен өсiмдiктердiң таралуы, саны, биологиясы, пайдаланылуы туралы қолда бар деректердiң негiзiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабына енгiзілген жануарлар мен өсiмдiктердiң әрбiр түрі (шағын түрi, популяциясы) үшiн мекендейтiн ортаның жай-күйi мен өзгеру сипаты бойынша, Уәкілетті орган мамандандырылған ғылыми-зерттеу мекемелерiмен бiрлесіп, осы жануарлар мен өсiмдiктердi зерделеу, қорғау және өсiмiн молайту жөнiндегi iс-шараларды әзiрлейдi (Қызыл кітап туралы ереженің 18-т.).

3-бөлім.

Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiнқорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық

Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану
туралы заңнаманы бұзумен келтірілген зиянды өтеу
ставкаларының мөлшері

(Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 4 қыркүйектегі N 1140 қаулысы)

Жабайы хайуанның атауы

Әрбір дарағы, әрбір килограммы үшін зиянды өтеу ставкасының мол мөлшері (айлық есептік көрсеткішпен)

Жердегі сүт қоректілер

Құлжа* (арғалы, арқар, үстірт қойы)

1500

Ілбіс*

2000

Борсық

10

Тиін

5

Құндыз

15

Қызыл қасқыр*

600

Орта азия кәмшаты*

400

Терістік кәмшаты

10

Сусары

10

Қабылан*

200

Ақкіс

10

Қарақұйрық *

400

Үнді жайрасы *

200

Қара кірпі длинноиглый*

200

Қоян (ақ қоян, толай, ор қоян)

5

Доңыз

200

Құдыр

200

Карақал*

600

Құндыз жарғанаты *

100

Сібір тау текесі

150

Сасық күзен

10

Қарсақ

5

Елік

100

Шағыл мысығы *

200

Ала аяқ мәлін

5

Түрікмен құланы *

2000

Ақтөс* және орман сусарысы*

200

Ақ құлақ

10

Түлкі

5

Бұлан

200

Сабаншы*

300

Қоңыр аю

200

Тян-шань қоңыр аюы *

700

Балжегіш аю *

600

Американ күзені

10

Еуропа күзені *

600

Теңбіл бұғы *

700

Бұғылар (теңбіл бұғыдан басқасы)

200

Су тышқан

5

Шұбар күзен*

200

Ала жертесер

100

Құну

100

Түркістан сілеусіні *

200

Сілеусін (Түркістан сілеусінінен басқа)

20

Жолман*

200

Серке киік

200

Ұрғашы киік, төлі

150

Бүрме ерінді жарқанат *

200

Үлкен көртышқан*

200

Жанат текті ит

40

Бұлғын

5

Суырлар (байбақ, қызғылт, сұр)

10

Мензбир суыры *

400

Балпақ-зорман

5

Сасық күзен

5

Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген сүтқоректілердің басқа да түрлері

100

Сүтқоректілердің басқа да түрлері

5

Құстар

Қара ләйлек*

200

Үлкен, кіші суқұзғын

1

Ителгі *

700

Бүркіт *

400

Сақалтай*

400

Тарбақ шырғалақ *

200

Тарбақ (үлкен және кіші)

5

Үлкен және кіші әупілдек

5

Қызыл және қара мамыққаз

10

Саңырау құр

10

Құр

5

Күшіген (тазқара, ақбас, гималайлық күшіген)

10

Қаздар (қутұмсық қаздан өзгесі)

5

Қутұмсық қаз*

600

Тұрымтай

5

Жек дуадақ*

700

Дуадақ *

700

Ақбас тырна *

100

Сұр тырна *

200

Жыланжегіш қыран *

400

Қызыл жемсаулы қараша қаз *

200

Жамансары (кәдімгі, обалық, жүнаяқ, қысқы жамансары)

10

Қарабай *

100

Бақылдауық

5

Кекілік

5

Қалбағай *

200

Сұнқар *

200

Тарғақ *

400

Шалшықшы (кішісі және сүйір тұмсықтысы*

200

Шалшықшы (ірі және орта)

5

Құмай *

100

Шіл

5

Сұңқылдақ аққу, кішісі *

400

Сыбырлақ аққу

50

Құладын (батпақ құладынынан басқасы)

5

Қасқалдақ

1

Шыбыншы торғай *

100

Бақалтақ қыран *

100

Дала қыраны

20

Жыртқыш қыран

20

Аққұйрық субүркіт*, кезқұйрық субүркіт *

400

Қызғылт бірқазан*, бұйра бірқазан*

400

Бөдене

1

Ақ құйрық қызғыш*

200

Сұқсыр

1

Шаңқылдақ қыран

10

Көкқұс *

100

Ақбауыр бұлдырық, қарабауыр бұлдырық*

200

Қарабауыр шіл

1

Убақ *

100

Лашын*

600

Балықшы тұйғын *

600

Жапалақ, байғыз (үкіден өзгесі)

2

Ақ тырна *

700

Алтай ұлары *

200

Гималай ұлары

10

Үйректер (Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілгенінен басқасы)

1

Қырғауыл

2

Үкі*

200

Қоқиқаз *

400

Дара шағала *

200

Бидайық *

700

Қазақстан Республикасы Қызыл кітабына енгізілген құстардың басқа да түрлері

100

Басқа да құс түрлері

5

Бауырымен жорғалаушылар

Сұр кесіртке

20

Сары қыран кесіртке

1

Шұбар батбат

1

Сары қыран әбжылан

1

Әбжыландар (қызылжолақты, жолақты және төртжолақтылар)

1

Қара шұбар жылан, сарыбас жыландар, құмжыландар

1

Улы сұр жыландар

1

Қалқантұмсық жылан

2

Тасбақалар

2

Бауырымен жорғалаушылардың ғылыми және ағартушылық маңызы бар басқа да түрлері

1

Құс мекенділер

Жетісу бақатісі *

100

Қосмекенділердің ғылыми маңызы бар басқа да түрлері

1

Жәндіктер

Қазақстан Республикасы: қызыл кітабына енгізілген қоңыздар мен көбелектер

3

Ғылыми және коллекциялық маңызы бар басқа қоңыздар мен көбелектер

0,5

Қазақстан Республикасы Қызыл кітабына енгізілген жарғаққанаттылар

3

Жабайы аралар (ұясы үшін)

0,5

Жәндіктердің ғылыми және коллекциялық маңызы бар басқа да түрлері

0,5

Өрмекші тектілер

Қарақұрттар, шаяндар, эрезустер, тарантулдар, аргиопалар мен өрмекші тектілердің ғылыми және коллекциялық маңызы бар басқа да улы түрлері

0,2

Балық, теңіз сүтқоректілері және су
омыртқасыздарының түрлері

Сырдариялық жауырындық*, шортан тектес ақмарқа*, каспий және арал албырты*, ақбалы сылан*, аққайран*, арал және түркістан қаязы*, шармайы*, каспий жыланбалық*, таймень**, балқаш алабұғасы - балқаш және іле таралымы, пілмай* - арал және іле таралымы (әрбір кг үшін)

100

Қортпа, уылдырықты пілмай (әрбір кг үшін)

14

Қортпа, пілмай қысыры (әрбір килограмм үшін)

6

Бекіре, шоқыр, бекіренің уылдырықты будандары(әрбір килограмм үшін)

10

Бекіре, шоқыр, бекіренің қысыр будандары (әрбір килограмм үшін)

4,5

Сүйрік (әрбір килограмм үшін)

6

Майқан (үскіш), хариус, табан, бахтаң, форель,қаражамбас майшабақ (әрбір килограмм үшін)

3

Ақсақа, көкшұбар, көкшарбы, пайдабалық, тікенбалық, жалғызкөз-глосса, ақмарқа, долгин майшабағы (әрбір килограмм үшін)

0,5

Сазан, тұқы, көксерке, өсімдікпен қоректенетін балықтар (әрбір килограмм үшін)

0,3

Шортан, жайын, лақа, жыланбас, қаракөз,қылышбалық, қызылқанат, беріш, көкбас, қызылкөз, шемей, шерміш (әрбір килограмм үшін)

0,2

Табан, мөңке, торта, тарғақбалық, айнакөз, алабұға, оңғақ, ақтұқты (әрбір килограмм үшін)

0,1

Каспий итбалығы (әрбір дарағы үшін)

50

Шаян (әрбір дарағы үшін)

0,1

Салин артемиясы, гаммарус және басқа су омыртқасыздары мен цисталары (шикі өнімнің әрбір килограмы үшін)

3

Ескертулер:
(*) Қазақстан Республикасы Қызыл кітабына енгізілген түрлерге жататын жануарлар
әрбір заңсыз жойылған (бүлдірілген) жануарлардың мекен ететін ұясы, іні, апаны және басқа да баспаналары үшін келтірілген нұқсан он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өндіріп алынады;

әрбір заңсыз алынған (жойылған) жұмыртқа, сондай-ақ әрбір заңсыз алынған немесе жойылған сүт қоректілер аналығының эмбрионы үшін жануарлардың осы түрінің ересек дарағы (аналығы) үшін келтірілген нұқсанды өтеу мөлшерінің 50 проценті (айлық есептік көрсеткіштермен) өндіріп алынады.

Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзған тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілік көтереді (Заңның 58-бабы).

Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiнқорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзғаны үшiн әкімшілік жауаптылық

Заңсыз аң аулау, жануарлар дүниесін пайдалану(Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 298-бабы)

1. Аң аулау ережелерін, сондай-ақ жануарлар дүниесін пайдаланудың басқа да түрлерін жүзеге асыру ережелерін қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері жоқ бұзу және осы баптың екінші және үшінші бөліктерінде көзделген аң аулау ережелерін бұзу, -

ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - бес, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Жарылғыш құрылғыларды, авиа-, авто-, мотокөлік құралдарын, оның ішінде қарда жүретін техниканы қолданып заңсыз аң аулау, сондай-ақ әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған аң аулау ережелерін бұзу, -

жануарларды аулау құралдары, көлік құралдары және аталған құқық бұзушылықты жасау құралдары болған өзге де заттары тәркілене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жетіден он беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не екі жылға дейінгі мерзімге аң аулау құқығынан айыруға әкеп соғады.

3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған іс-әрекеттер, -

әкім­шілік құқық бұзушылық заттары және (немесе) құралдары тәркілене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің қырықтан жетпіске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден жүз елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүзден бір мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не екі жылға дейінгі мерзімге аң аулау құқығынан айыруға әкеп соғады.

Ескерту. Осы бапта қомақты залал болып, құқық бұзушылық жасалған кезде

Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген айлық есептік көрсеткіштен жүз және одан артық асатын залал мөлшері танылады.

Балық аулау және балық қорларын қорғау ережелерiн бұзу (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 298-1бабы)

1. Қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi жоқ, балық аулау ережелерiн, сондай-ақ су жануарларын пайдаланудың басқа да түрлерiн жүзеге асыру ережелерiн бұзу, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің үштен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi жоқ, балық аулау ережелерiн (тыйым салынған мерзiмдерде тыйым салынған құралдармен немесе тәсiлдермен, тыйым салынған жерлерде балықты өнеркәсiптiк жолымен аулау және балық аулау), сондай-ақ су жануарларын пайдаланудың басқа да түрлерiн жүзеге асыру ережелерiн өрескел бұзу, -

әкім­шілік құқық бұзушылық заттары және (немесе) құралдары тәркілене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден екі жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Балықты бас саға құрылыстарына түсiп кетуден қорғау үшiн арнайы қондырғылар салмай, балық шаруашылығы су қоймаларынан су алу,

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - қырықтан жетпіске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiнқорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзғаны үшiн қылмыстық жауаптылық

Заңсыз аңшылық (Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шілдедегі № 167-1 Қылмыстық кодексінің 288-бабы):

1. Заңсыз аңшылық, егер бұл әрекет:
а) алып тасталды - ҚР 2011.01.18 № 393-IV Заңымен;
б) механикалық көлiк құралын немесе әуе көлiгiн, жарылғыш заттарды, газдарды және жануарларды жаппай қырып-жоюдың өзге әдiстерiн қолданып;
в) алып тасталды - ҚР 2012.01.25 № 548-IV Заңымен;
г) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен төтенше экологиялық ахуал аймақтарында жасалса -
екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не қылмыстық әрекеттер объектiсi, қылмыс жасау қаруы немесе құралы, айналымнан алынған зат болып табылатын мүлiк тәркiленiп, бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
2. Адам өзiнiң қызмет бабын пайдаланып әлденеше рет немесе адамдар тобы алдын ала сөз байласып немесе ұйымдасқан топ жасаған дәл сол әрекет -
бес жүзден жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не қылмыстық әрекеттер объектiсi, қылмыс жасау қаруы немесе құралы, айналымнан алынған зат болып табылатын мүлiк тәркiленiп, не онсыз үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, iрi зиян келтiрiп не ұйымдасқан топ жасаған әрекет -
сотталған адамның мүлкi, сондай-ақ қылмыстық әрекеттер объектiсi, қылмыс жасау қаруы немесе құралы, айналымнан алынған зат болып табылатын мүлiк тәркiленiп екi жылдан бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Осы тараудың баптарында қылмыс жасалған кезде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген айлық есептiк көрсеткiштен жүз есе асып түсетiн және одан да көп залал мөлшерi елеулi залал деп танылады. Қылмыс жасалған кезде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген айлық есептiк көрсеткiштен үш жүз есе асып түсетiн және одан да көп залал iрi көлемдегi залал деп танылады. Қылмыс жасалу сәтінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген айлық есептік көрсеткіштен елу мың есе асып түсетін және одан да көп залал аса ірі залал деп танылады.

4-бөлім.

Аңшы этикасы

Аңшы этикасы – бұл бұзу абыройды жоғалтумен тең келетін, өзара сый мен өзара көмекке негізделген аңшының адамгершілік заңы. Аңшылықта тапқан олжаның саны ғана емес, оның заң негіздері бұзылмай, қаншалықты әдепке сай табылғаны да маңызды.

Аңшы этикасының кейбір ережелері:

Бөтен ит әкелген жабайы құс иттің иесіне тиесілі болады. Мұндай кезде иттің иесі оқ атқан адамға екі оқты қайтарады;

Жараланған олжаны толық атқан адам алады, егер оқ атқаннан кейін жабайы құстың жараланғаны анық көрініп тұрса, жабайы құсты өлтіргенге екі оқ қайтарылады;

Егер жабайы құсты бірнеше аңшы атып, тимесе, ал жабайы құс біраз жүгіріп немесе ұшып жерге құласа, жабайы құс соңғы болып атқан адамға тиесілі болады.

Үлкен жабайы құс оны түбегейлі тоқтатқанның олжасы болып саналады;

Қасыңыздағы серігіңізге келе жатқан немесе оның секторында жүрген жабайы үйректі атуға болмайды;

Бірінші болып, жабайы құсы көтерілген атады, содан соң барып, қалғандары атады;

Нысанаға тимей қалғанға барлық наразылықтар сыпайы түрде айтылады;

Топ болып жиналып аңшылардан құралған аңшылықта бір аңшы ғана басшылық етіп, қалғандары тұлғаларына қарамастан оған бағынады. Аңшылықты бастап келе жатқан адамға қалғандары аңшылыққа қатысты ұсыныстарын айта алады;

Топ болып құралған аңшылардың арасынан ірі қара аңды аулайтын атқышқа аңның басы мен өкпе-бауыры (тіл, жүрек, бауыр, өт және өкпе) тиесілі, қалған мүшесі өзге аңшылардың арасында үлестіріледі;

Егер аңшылық кезінде басқа топтың арасына түсіп кетсең, өзіңді лайық ұста;

Аңшы тек бір шаруамен айналысу керектігін ұмытпау керек: не аң аулау не арақ ішу. Екеуін қатар алып жүруге жол берілмейді;

Аңшылықта бәрі бірдей. Бөлменің ішін жинап, ыдыс жуу, ас әзірлеу және өзге міндеттер бәріне ортақ. Егер аңшылыққа көлікпен барсаңыз – жанармай шығыны аңшылар арасында теңдей бөліну тиіс;

Ірі қара аңды қуалап атуға болмайды;

Егер жануар бөтен біреудің аумағында өлтірілсе, жануарды осы аумақты атқан адам алады. Егер аң аумақтардың ортасына жатса, аң оны өлтірген адамға тиесілі болады;

Жабайы құстың ұшатын аумағы бөліп алынып, жабайы құс тіміскішіден атылады;

Аңшылыққа қайықпен шыққан уақытта мерген аңшының олжасы әрдайым көбірек болады. Алайда ұқыпты аңшы бүкіл олжаны теңдей бөледі;

Олжа келесідей үлестіріледі: аңшылық соңында бүкіл олжа бір жерге жиылып, аңшы санына теңдей үйіліп үлестіріледі. Бұдан соң аңшының біріне теріс айналу ұсынылып, әр үйілген әр олжа көрсетіліп, оның кімге бұйыратыны сұралады;

Жараланған аңды міндетті түрде өлтіру керек

Аңшы қабан аулаған кезде алдымен аналығы оның артынан балалары жүретінін біледі. Нағыз аңшы қабанның аналығын өлтірмейді;

Құс ойнағында құрлар атылмайды және бірінші болып ұшып келген құрды атпайды. Бүкіл ойнақты бұзып жіберуіңіз мүмкін;

Аңды кім өлтірсе, сол сояды;

Нағыз аңшы тыйым салынған аңшылық құралдары мен керек-жарақтарды: электрондық арбағыштар, түнгі оптикалық нысанаға алғыштар, автокөлікпен аң аулау және т.б. пайдаланбайды. Мұндай қару мен тәсілдерді пайдаланатын аңшылар аңшылық дәстүрге кір келтіреді;

Аңшы өрт қауіпсіздігін қатаң сақтау қажет. Қалың шөптің арасына, құрғақ ағаштардың ортасында от жағуға, өшпеген сіріңке мен темекіні құрғақ шөпке лақтыруға, төсем ретінде қалдықтар мен өзге де оңай тұтанатын материалдарды пайдалануға болмайды. Арттағы отты өшіріп кету керек. Аңшы өрт сөндіру шарасын дереу қолға алу керек;

Даланы қоқыстауға, арттан қағаз, пакет, консерві банкалар және басқа да қоқыс қалдыруға болмайды. Қоқысты түгел жерге көму немесе өзіңізбен бірге алып кету керек. Тамақ қалдықтарын қалдырып кетсе болады – жануарлар жеп қояды;

Аңшы жауыннан қалай қорғану керегін және найзағай кезінде не істеу керегін біледі (жалғыз тұрған ағаштың түбіне тұруға және суға кіруге болмайды). Аңшы ну орман мен шөл далада дұрыс жол білу, алғашқы медициналық жәрдем көрсете білу керек;

Тәжірибелі аңшы білгенін жас аңшыға үйрету керек;

Аңшы үйшігін мекен еткен аңшы кетерде біраз тамақ, тұз, сіріңке және отын қалдыру керек. Бұл егер басқа бір аңшы қиын жағдайға тап болып, біраз уақыт осы үйшікті пана етуге мәжбүр болса қажет. Үйшіктен кеткен кезде аңшы артын жинап, ыдыс-аяқты жуып кетеді;

Өзара көмек, жақын досыңның қол ұшы қандай жағдайда болмасын – аңшы үшін ең қымбат құндылық;

Аң аулау тәсілдері жабайы жануарлар мекен ететін жерді ойран етпеуі тиіс. Аңшылық тәртібі мен мерзімі ең алдымен, жан-жануарлардың төлейтін мерзіміне қарай белгіленеді. Әдетте, бұл көктем мезгілі. Сол үшін көктем айларында аңға шықпайды. Күз мезгілінде құс аулай бастау мерзімі жас құс баласының өз бетінше ұша бастайтын кезеңмен айқындалады. Үлпек жүнді аңдарды аулағанда жабайы аңдардың түгінің жетілуі ескеріледі. Тұяқты аңдарда ең алдымен, жас ұрпақтың енесінен бөлек жеке өмір сүруі ескеріледі. Сол үшін де барлық аңшылар аңшылыққа қашан шығуға болатынын білуі керек. Егер аңшы мұндай жағдайды ескермесе, әкімшілік жазадан басқа аңшылық ортада қатаң сынға алынады.

5-бөлім.

Аң аулау тәсілдері

Жануарлар санын ретке келтіру процессіндегі аңшылықтың орны жануар басының сапалық құрамының өзгеруі сияқты, фаунамызды сақтап қалуда зор орын атқарады. Аңшылықтың әртүрлі тәсілдерінде ауланған жан-жануарлардың нәтижесін зерттеу кезінде олардың көпшілігі жабайы құс (ересек немесе жас, еркегі немесе ұрғашысы, дені сау немесе биологиялық жетілмеген дарақтар әртүрлі ара-қатынаста олжа етіледі) олжасының белгілі бір талғамалықты қамтамасыз ететінін көрсетті. Аңшылық кезінде ауланатын аңдарды қолға түсірудің негізгі тәсілдерін біле отырып, аңшылықтың осы аймақтың жануарлар әлеміне келтірілетін әсерге қатысты ұзақ мерзімді болжам жасауға және уақыт мерзімі мен тәсілдерді реттеу арқылы жабайы аңдардың сапалық құрамындағы өзгерістерді басқаруға болады.

Аңшылықтың негізгі тәсілдері

Қапқан кәсіпшілігі. Аңшылық жануарларды аулаудың қазіргі заманғы тәсілдерінің бірі арасында қапқанмен аң аулау кәсібі алдыңғы орында келеді. Қыс мезгілінде қапқандар түлкі, қарсақ, борсық, ұсақ сусар тектестер мен сілеусін аулау үшін, көктем-жаз мезгілінде сарышұнақтар мен суырларды аулау үшін пайдаланылады

Суыр аулау. Иір ойықты мылтықтан суыр атуға тек аңшыларға – баллистика бойынша білімді, қару ата білу, аңшының нысанаға тию қабілеті бойынша білімін қамтитын қарудан ату бойынша емтихан тапсырған кәсіпшілерге рұқсат берілген.

Аңды ізімен іздеп отырып аулау. Аңды қар жамылғысы болған кезде ізімен жүріп отырып, аулауға болады. Аңды ізімен іздеп отырып аулау тәсілі өзі жеке сирек қолданылады, көп жағдайда бұл тәсіл аң жан-жақта қоршауға алынып, торуылға айдалатын тәсілмен немесе қамалап ұстау тәсілімен бірге үйлеседі. Аңды ізімен іздеу тәсілін ауа райы қолайлы болған уақытта қолданған жөн. Мұндай кезде аңға оңай жақындап, бірден атып алуға болады. Ал аяқтың астындағы қар сықырлап, аяз тұрғанда немесе мұзқатқақта аңға жақындау мүмкін емес.

Қасқырды апанда аулау. Бұл тәсіл әр аңшыға қол жетімді. Алайда қасқырдың апанын іздеу қажырлықты, табандылықты қажет етеді. Әдетте, жануарлар жыл сайын бір жерде күшіктейді. Аңшы өз тәжірибесіне сүйене отырып, ал бөтен жерде сұрастыра келе, былтырлары қайсыбір жерде қасқырдың күшіктеген-күшіктемегінін біліп алу қажет. Қасқырдың күшіктері табылған жерлер картаға түсіріліп алынып, көктем мезгілінде қасқыр ізінің бар-жоғы тексеріледі. Іздің наурыз-сәуірдің бірінші жартысында, яғни қасқырдың күшіктері туылатын кезеңнен бұрын кездесуін білу маңызды. Мұндай кезде ересек жануар апан іздеумен жүреді.

Арбап шақырып, аңдып отырып аң аулау. Аңшылықтың бұл тәсілі тек түлкі аулағанда ғана нәтиже береді. Аңшылықтың бұл тәсілі қаладағы әуесқой аңшылар және ауыл шаруашылығы жұмыскерлері арасында көп таралған. Аң аулаудың бұл тәсілі әуесқойдан зейінділікті, бүркене білуді және аңға шу шығармай, білдіртпей жақындауды талап етеді. Аңшы жақсы бүркеніп алып, тышқанның шиқылын немесе жараланған қоянның дыбысын келтіріп, түлкінің назарын аудартады. Бұл үшін әдетте, арнайы ысқырғыш пайдаланылады, ал тәжірибелі аңшылар мұндай дыбыстарды арнайы құрылғысыз-ақ келтіреді.

Жасырынып аң алау қабан, елік, бұлан қорегін іздеп жейтін жерлерде жер қарада да, қарлы мезгілде де, аңға жалғыз да, екеу болып та, үшеу болып та шыққанда қолданылады.

Жалғыз аяқ жолмен қабан аулау. Қабанды жаяу жолда торуылдан шығып, аулау –қызықты әрі нәтижелі аңшылық. Аңшылықтың бұл тәсілін қабандар азықтанатын жерге немесе өріске (бидай, арпа және т.б. өсіп тұрған) барған кезде қолдануға болады.

Аңды қоршап аулау. Кез келген аңшылықтың мәні екі мәселенің шешілуін қажет етеді: аңның немесе аң тобырының орналасқан жерін және оларды қайда және қайда айдау керегін анықтау, яғни оқ атылатын бағытты табу және аң айдалатын бағытты анықтау.

Аңды айдап аулау. Аңшылықтың бұл тәсілі қыс мезгілінде қояндардың барлық түрлеріне және тұяқты жануарларға (елік, қабан) аңды ізімен іздеп отырып аулау тәсілімен бірге қолданылады. Көп адамды қажет етпейтіндіктен, бұл тәсіл айдап аулау тәсіліне қарағанда әлдеқайда қол жетімді.

Тазылармен аң аулау. Аңшылықтың бұл түрі далалы орман алқаптарында анағұрлым кең таралған. Аңшылық күзгі-қысқы аңшылық мезгілі ашылған алғашқы күннен бастап, қара жерден басталады.

Құмай тазымен және бүркітпен аң аулау шалғайдағы мал шаруашылығымен айналысатын ауыл тұрғындары арасында кең таралған. Салт атты аңшы, көп жағдайда 20-30 адамнан құралған топ иттерін ертіп, таңсәріде далаға шығады. Тізбекке тізілген аңшылар жатқан түлкіні, қоянды көтереді немесе қарсақты, тышқан аулап жүрген түлкіні іздеп тауып, тазыларды жібереді.

Аңшылыққа ұжым болып (топтасып) шыққан кезде жауапты аңшы тағайындалады. Мұндай кезде жауапты аңшы мен аңшылыққа қатысушылар тиіс:

Аңшылық алдында жауапты аңшы аңшылыққа қатысушыларға қозғалыс, от тұтату тәртібін, ұжымдық (топтасқан) аңшылықтың ережелерін еске салады, аңшылық барысында осы ережелердің орындалуын қадағалайды;

Аңшылыққа қатысушылар тәртіпті қатаң орындап, жауапты аңшының өкімдерін орындауға тиіс;

Аңшылық айнала жақсы көрінетін қолайлы ауа райында жүргізіледі;

Айдаушыларға аң айдалатын жерде мылтықтарын атуға келтірілген күйінде ұстауға және мылтық атуға тыйым салынады;

Аңшылық жүргізілетін жерге келгеннен кейін жауапты аңшы нақты белгі орнатып, береді: аң айдалатын уақыт, аң аулап болатын уақыт, аңшылықтың аяқталуы, аңшылардың жиналуы және т.б.

Атқыштар оқ атылатын бағыттың жан-жағына орындарына тұрғаннан кейін қажет болса, бөтен адамдар мен үй жануарларының кіріп кетуіне жол бермеу үшін күзет қойылады;

Ату нөмірлерінің арасын аңның түріне, жер бедеріне, қолданылып отырған қару мен патрондардың түріне қарай жауапты аңшы белгілейді;

Жауапты аңшы атқышты нөмірге қойып, оған оқтың бағытын көрсетеді;

Атқыш қаруын нөмірге тұрып қана оқтай алады. Атқыш нөмірден түскен кезде қаруын оқтаудан босату керек;

Нөмірде тұрған әрбір атқыш қасындағы нөмірлердің орналасқан жерін және бүкіл атыс шегін білуі тиіс. Нөмірлерді алмастыруға, тұратын орынды өз бетінше таңдауға және айдау аяқталмай жатып нөмірден кетіп қалуға мүлдем тыйым салынады;

Нөмірден түсіп кетіп, жараланған не өлген аңға баруға және жараланған аңның артынан жүруге айдау аяқталған соң ғана жауапты аңшының рұқсатымен баруға болады;

Айдаушылар оқ атылатын жерге жақындаған кезде дауыс беру керек;

Айдаушылар оқ атылатын жерге 150 м аз қашықтыққа жақындаған уақытта оқ аң атылатын аймақтан кері шыққанда ғана атылады;

Аңды айдаған уақытта айдалып отырған аңды ғана атуға болады. Қасқырды атқаннан басқа, өзге атыстарға рұқсат берілмейді;

Ұжымдық (топтасқан) аңшылық кезінде айдау әдістері қолданылғанда дөңгелек оқтарды пайдалануға тыйым салынады.

Аңшылықты ит шаруашылығы

Аң аулайтын иттердің 23 тұқымы белгілі, олардың 16 тұқымы Қазақстанда пайдаланылады.

Аңды көп жағдайда өзі жеке аулайтын лайкалар аңды немесе құсты аңшы келгенше тауып, ұстауға үйретілген.

Дүрегей тазылар аңшының командасымен аңды – түлкіні, қоянды немесе қасқырды қуып барып, өз беттерінше ұстайды.

Құмай тазылар дүрегей тазыларға қарағанда аңды дауыс беріп қуады, сол себепті аңшы иттердің даусына қарай жүріп, аңды ұстау керек.

Інге шабатын иттер. Бойы орташа күшті иттің бұл түрі аңның соңынан (түлкі, борсық) інінде түсіп, өз бетінше ұстайды немесе жердің бетіне айдап шығарады.

Иісті жақсы сезетін тазылар жердегі жасырылған құсты тауып, қос аяқтап тұрып, орналасқан жерін аңшыға көрсетеді. Мұндай кезде аңшы қаруын атуға дайындала алады.

Аңшы иттер уәкілетті органның аймақтық органдарында тіркеледі («Қазақстан Республикасында аңшы иттерді тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті бұйрығының 17-т.).

Аңшы иттің шығу тегі мен тұқымының тазалығын куәландыратын құжаттарды беру мақсатында аңшылыққа шығатын тұқымды иттерді кинологиялық есепке аңшы иттің иесі тіркелген орын бойынша кинологиялық мекемелер алады (Аңшы иттерді тіркеу ережесінің 1-т.).

Аңшы иттердің иелері (Аңшы иттерді тіркеу ережесінің 17-т):

1) иттерді уақытылы кинологиялық мекемелерге уақытылы есепке алу және оларды уәкілетті органның аймақтық органында тіркеу;

2) иттің иесі ауысқан жағдайда немесе ит өлген жағдайда аңшының куәлігіне және аңшының есеп карточкасына тиісті жазбалар жазу үшін он күннің ішінде бұл туралы есепке алынған орны бойынша уәкілетті органның аймақтық органына хабарлау;

3) ит, оның құқық белгілейтін құжаттары немесе жетоны жоғалған немесе ұрланған жағдайда бұл туралы ит уәкілетті органның аймақтық органында тіркелген кинологиялық мекемеге уақытылы хабарлау;

4) Аңшы иттерді тіркеу ережесі мен Аңшылық ережесін орындау;

5) Аңшы иттерді ұстаған, көбейткен және пайдаланған кезде ветеринарлық (ветеринарлық–санитарлық) ережелер мен нормативтерді орындаулары тиіс.

Аң аулайтын құстар

Аңшылық кезінде ірі және орташа күндізгі жыртқыш құстар пайдаланылады.

Бүркіт – көп жағдайда түлкі, қасқыр және қоян аулағанда пайдаланылатын үлкен қыран.

Ақсұңқар, ителгі және ителгі-лашын қауырсынды жабайы құстарды аулау кезінде пайдаланылады. Ақсұңқар мен ителгі қояндарды аулау кезінде сирек пайдаланылады.

Тұйғын-қыран қояндар мен қауырсынды жабайы құстарды аулауда, ал қаршыға бөденелерді аулағанда пайдаланылады.

Жыртқыш құстар еріксіз ұстау мерзімдері бойынша тұрақты немесе уақытша деп бөлінеді. Тұрақты негізде еріксіз ұсталатын жыртқыш құстарды сатып алуға Аумақтық басқарма рұқсат береді және жыртқыш құстың паспорты ресімделеді, ал уақытша ұстау кезінде оларды сатып алуға Аумақтық басқарманың келісімі беріледі және жыртқыш құстың паспорты ресімделмейді («Еріксіз ұсталатын жыртқыш құстарды тіркеудің нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық комитеті бұйрығының 5-т. (бұдан әрі – Нұсқаулық)

Жыртқыш құс сатып алынғаннан кейін немесе табиғи ортадан алынғаннан кейін 10 күн ішінде Аумақтық басқармада тіркелуге тиіс (Нұсқаулықтың 14-т.).

6-бөлім.

Рұқсат беру жүйесі

Аңшылық қаруын тіркеу және оның айналымға шығарылу мәселелері – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің құзырында.

Азаматтық қаруды сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге рұқсатты алу үшiн iшкi iстер органына:

1) көлемi 3х4 см екi фотосурет;

2) қаруды тiркеу (қайта тiркеу) үшiн мемлекеттiк бажды және қаруды сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге рұқсат беру үшiн төлегенi туралы түбiршектер;

3) қаруды иемдену көзiн көрсететiн құжат (рұқсаттың төлнұсқасы немесе өтінiш) ұсынылады.

Қаруды сақтауға, сақтау мен алып жүруге рұқсаттың қолданылу мерзімiн ұзарту үшiн иесi рұқсаттың қолданылу мерзiмiнiң анықталуынан бір ай бұрын техникалық байқаудан өткiзу үшiн қолындағы қаруды және мынадай құжаттарды:

1) тегі, аты, әкесiнiң аты, тұрғылықты мекен-жайы, қарудың жүйесі, калибрi мен нөмiрi, оның сақталуын қамтамасыз ету жағдайын: сейфтiң немесе металл шкафтың немесе қаруға бөгде адамдардың қол жеткiзуiн болдырмайтын өзге де құрылғының болуы көрсетiлген рұқсаттың қолданылу мерзiмiн ұзарту туралы iшкi iстер органы бастығының атына өтiнiштi;

2) қарудың әр бiрлiгiн қайта тiркеу үшiн мемлекеттiк баж төленгенi туралы түбiршектi;

3) көру қабiлетiнiң бұзылуына, психикалық ауруға, алкоголизмге , нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты қару ұстауға қарсылық жоқ екені туралы медициналық қорытындыны және Қазақстан Республикасының азаматтығын растайтын құжаттың көшірмесін;

4) қаруды қауіпсіз ұстау ережелерін білуі бойынша қайта даярлау туралы анықтаманы

Ойық ұңғылы аңшылық атыс қаруын (аңшылық карабиндерін, винтовкаларды, құрастырылған мылтықтарды) сатып алуға, сақтау мен алып жүруге рұқсатты ішкі істер органдары белгіленген тәртіппен аң аулауға құқық берілген меншігінде кемінде бес жыл тегіс ұңғылы ұзын ұңғылы аңшылық атыс қаруы бар Қазақстан Республикасының азаматтарына береді.

Ойық ұңғылы аңшылық атыс қаруын сатып алудың, сақтау мен алып жүрудiң рұқсатына Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрi, оның орынбасарлары, ІІД бастықтары қол қояды.

Ескерту. Қаруды сақтау, сақтау мен алып жүру құқығын беретін рұқсаттың қолданылу мерзімі әрдайым бес жылға ұзартылады.

Қару мен оның патрондары қабырғаларының қалыңдығы кемiнде 3 мм болатын, сенiмдi ішкi құлпы бар, еденге немесе қабырғаға берiк бекiтiлген металл шкафта (сейфте) немесе қаруды бөгде адамдардың алуын болдырмайтын өзге де құрылыста, иесiнің тұрғылықты тұратын жерінде сақталуы тиiс. Атыс қаруларын тұрғын бөлмелердің қабырғаларына iлiп қоюға рұқсат етiлмейдi. Қаруды иесiнiң тұрақты тұратын жерiнен тыс орындарда (саяжайларда, бақтағы үйлерде, гараждарда, сарайларда, вагондарда, лашықтарда, шатырларда және т.б.), сондай-ақ жатақханаларда (бiр отбасының мүшелерi жеке бөлмеде тұратын отбасылық жатақханаларды қоспағанда), уақытша вахталық үй-жайларда, туысқандарында, таныстарында сақтауға тыйым салынады. Қару иесiнiң ұзақ (үш айдан астам) кезеңде iссапарда болуы немесе әскери қызмет өткеруі кезеңiндегi ерекше жағдайларда қару иесінің тұрғылықты жерiндегi iшкi iстер органына уақытша сақтауға тапсырылады.

Азаматтық қарудың патрондары ішкі құлпы бар металл шкафтың (сейфтің) оқшауланған қуысында сақталуы тиіс.

Көліктің барлық түрлерiмен алып жүру немесе тасымалдау кезінде қару оқталмаған күйде қабына салынуы тиiс. Қаруды алып жүру немесе тасымалдау кезiндегi барлық жағдайларда иесі бір мезгілде қаруды алып жүрудiң рұқсаты болып табылатын, iшкi істер органының оны сақтау мен алып жүруге берген рұқсатын өзiмен бірге алып жүруге мiндеттi. Қаруды сақтаудың, алып жүрудiң, тасымалдаудың және пайдаланудың белгіленген ережелерiн бұзғаны үшiн кінәлі адамдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапқа тартылады.

Аңшылық суық қару қапталған күйде тек қана аңшылық куәлігі болған жағдайда тасымалданады. Қаруды сақтаудың немесе сақтау мен алып жүрудiң рұқсаттары мынадай жағдайларда:

рұқсаттан ерікті түрде бас тартқанда не қарудың иесi қайтыс болғанда;

қоғамдық тәртіпке немесе басқарудың белгiленген тәртiбiне қол сұғатын әкімшілiк құқық бұзушылықтар бiр жыл ішiнде қайта жасалғанда;

қару айналымының белгiленген ережелерi бұзылғанда;

адам қылмыстық жауапқа тартылғанда;

иесі азаматтық немесе қызметтiк қаруды баллистикалық сипаттамаларының өзгеруіне әкелiп соққан конструкциялық жағынан қайта жасағанда күшін жояды.

Рұқсаттың күші жойылған жағдайда күшi жойылған күннен бастап бес жыл өткеннен кейін оны алу үшiн қайта өтiнiш бiлдiрiлуi мүмкін. Рұқсаттан ерікті түрде бас тарту жағдайында оны қайта алуға мерзім белгіленбейді.

Аң аулайтын қару, оқ-дәрі және қару-жарақ

Аңшылық мақсатында иір ойықты, беті тегіс ұңғыны және жинақтамалы аңшылық қаруын қолдануға рұқсат.

Иір ойықты аңшылық карабиндердің калибрі 5,6 мм бастап, 9 мм дейін болады. Штуцерлер 14 мм дейін. Қарудың шетелдік үлгілерінің калибрі дюйм үлесімен де өлшене алады.

Беті тегіс ұңғыны қарудың 12 калибрден (диаметрі қорғасын фунтынан алынатын ұңғы каналының диаметріне тең дөңгелек қорғасын оқтардың саны - 454 гр.) аспайтын түрін пайдалануға рұқсат. Бір және екі ұңғыны қарулар, сондай-ақ жартылай автоматты беті тегіс ұңғыны қарулар шығарылады. Автоматты емес қарулар шүріппелі және шүріппесіз болады (шүріппелер құлыптарда жасырылған).

Жинақтамалы қарулар дегеніміз – бұл иір ойықты және беті тегіс ұңғыны ұңғылардың әртүрлі үйлесіміндегі екі, үш немесе төрт ұңғылы қарулар.

Аңшылық оқ-дәрілерге патрондар мен оларды қайта оқтауға арналған туындылар (гильзалар, капсульдер, дәрі, бытыра, артиллерия оғы, оқтар, төсемдер және т.б.) жатады.

Латуньді, пластмасса және папкалы (қағаз) гильзалар қолданылады.

Латуньді гильзалар үшін «Центробой» және қалған гильзаларға «Жевело» капсульдері қолданылады.

Дәрі «Сокол», «Барыс», «Сұңқар» түтінді және түтінсіз болып шығарылады. Винтовкалы және артиллериялық дәріні, сондай-ақ басқа да жарылғыш заттарды беті тегіс ұңғылы қаруларға қолдануға болмайды.

Бытыра №0000 бастап, № 9 дейінгі көлемі бойынша ажыратылады. Артиллерия оғы 6 мм бастап, 9 мм дейінгі даметрде шығарылады.

Оқтар ұңғы каналының диаметрі бойынша дайындалады. Егер майысатын белдеушелері болмаса, ұңғының каналымен емін-еркін өтпейтін оқты пайдалануға жол берілмейді.

Бытыра, артиллерия оғы және оққа арналған материал – қорғасынның қатты қорытпасы. Импортты патрондарда қорғасыннан жасалғаннан экологиялық қауіпсіздігі жоғарырақ арнайы контейнерлердегі шойын бытыралар қолданылуы мүмкін. Кейде оқтар қорғасын бағыттауыш белдеушелері бар немесе контейнерлердегі латуннен немесе қоладан жасалады.

Қаруды сақтау және аңшылық кезіндегі қауіпсіздік техникасы.

Аңшы қару мен оқ-дәрілерге бөтен адамдар мен балалардың қол жеткізбеуін қамтамасыз етуге міндетті. Аңшы беті тегіс оқ ататын қарудан атқан уақытта ұсақ бытыра адамдар мен жануарлар үшін 200 м дейінгі қашықтықта, ірісі - 300 м дейін, артиллерия оғы – 600 м дейін, оқ 1500 м дейін қауіпті екенін ұмытпаған жөн. Ұңғысы иір ойықты қарудан шыққан оқтар 5 км дейінгі қашықтықта қауіпті болады.

Көп жағдайда жазатайым жағдайлар патрондарды жарақтау кезінде болады. Мұндай жазатайым жағдайлардың алу үшін төмендегідей сақтық шараларын сақтау қажет:

Капсюльді гильзаға балғамен соғуға болмайды, бұл үшін арнайы жарақтарды қолдану қажет, мұндай кезде жақын маңда дәрі болмауы керек;

Капсюльді жарақталған патронға салмау керек;

Дәріні тек қолдың күшімен ғана пресстеңіз;

Дәрілерді жарақтаған уақытта және дәрілер жарақталатын жердің қасында темекі шекпеңіз;

Дәрілерді жарақтаған уақытта назарыңызды басқа нәрсеге бөлмеңіз;

Дәрінің көп мөлшерін ашық ұстамаңыз;

Дәрілер жарақталатын жерге балаларды жолатпаңыз;

Қысқарған капсюльді тек арнайы жарақтың көмегімен алып тастаңыз;

Түтінсіз және түтінді дәріні араластырмаңыз;

Патрондарды белгісіз дәрілермен жарақтамаңыз;

Патрондарды дымқыл дәрімен жарақтамаңыз;

Заряд (дәрі) пен снаряд (бытыралар, артиллерия оқтары немесе оқтар) салмағы зауыттық нұсқауларға сәйкес келуі тиіс;

Түтінсіз дәрінің көлемдік жолмен (өлшеумен) өлшенуіне жол бермеңіз;

Оқты төсеммен немесе қалың төсенішпен жаппаңыз.

Аңшылық кезінде:

Қаруны (тіпті оқтаудан босатылған) адамдар мен малға қарай беттемеңіз;

Қайықта тұрып алып, адамдардың бастарынан, қайыққа көлденең бағытта немесе қайықта тұрып, тура жоғары қарай атпаңыз;

Үйге немесе елді мекенге кірген кезде қару оқталмаған болуы тиіс;

Жолда қару бөлшектелген күйде және қапшыққа салынған болуы тиіс;

Қаруды оқтаған немесе оқтаудан босатқан уақытта ұңғылар жерге қаратылуы тиіс;

Патрондар тұратын жерге нығыздалып кіретін гильзаны калибрлеу сақинасы арқылы өткізу керек;

Дұрыс атпаған қаруды бірден ашпаңыз – оқ кідіріп барып атылу мүмкін;

Сақтандырғыш әрдайым қосылып тұру, ал шүріппелі қарулардың шүріппесі төмен түсірілген болуы тиіс;

Өзіңізге қарай бағытталған қаруды ұңғысынан ұстап, тартуға болмайды;

Жабайы құсты өлтіру үшін мылтықты дүммен пайдалануға болмайды;

Ірі аңды атқан соң оның өлгеніне көз жеткізбей тұрып, қасына жақындамаңыз. Жараланған аңды басынан атып өлтіреді. Жатқан жаралы аңның әдетте құлағы жиырылып, мойнындағы жүні тікірейіп тұрады.

Қар немесе балшық тұрып қалған ұңғылардан оқ атпаңыз;

Бірден екі ұңғыдан атпаңыз;

Мылтықты құлатып алмаңыз;

Мылтықтағы жөнсіздіктерді уақытылы жөнге келтіріңіз;

Келесі мылтықтарды пайдаланбаңыз:

Бойкалары колодканың дәнжарнағынан шығып тұрған;

Сақтандырғышы бұзылған;

Шүріппелер қару тетігінде ұсталып тұрған (мылтық 70-80 см биіктіктен дүмімен төмен қарай бірнеше қабатты кенеп жабылған жерге құлаған кезде шүріппелер тетікте қалу керек);

Шүріппелі мылтықтардың шүріппесі жіберетін ілгек басылмай тұрғанда бойкаларға жетеді;

Бір ұңғыдан атқан кезде екіншісі өздігінен атылады;

Қораптағы ұңғы біраз шайқалып тұр;

Ұңғылар үлкейіп кеткен немесе терең шұңқырлар бар;

Өзектер берік бекітілмеген;

Дүм мен ложаның аузында сынықтар бар;

Антабка берік бекітілмеген.

Зардап шеккенге алғашқы жәрдем көрсету

Аңшылыққа барған уақытта (әсіресе бірталай күнге) медициналық қобдишаны бірге алып шығу керек. Мұндай қобдишаның ішінде: валидол, нитроглицерин, аспирин, анальгин, йод, марганец ерітіндісі (марганцовка), сутегі тотығы, антибиотиктер, танғыш, зарарсыздандырған мақта және вазелин. Жараланған жағдайда жарақаттың айналасына, жараның өзіне йод жағып, бетін дәке тампонмен жауып, танғыш тану керек. Жарып өткен жарақаттарда тампон жара тесігінің екі жағына да қойылады. Тампондардың ортасына қол тигізбеңіз. Жараны бұлақ суымен жумаңыз.

Егер жараның қаны сорғылап ақса, демек артерияға зақым келген. Мұндай кезде қанды тоқтату үшін артерияның жараның үстіңгі жағынан қатты басып ұстап тұрып, қан азырақ ағу үшін аяқ-қолды жоғары көтеру керек. Осыдан соң жарақаттың үстіңгі жағынан аяқ-қолға сүлгі, белдік немесе жіп ораңыз. Қан аяқ-қолға дұрыс бару үшін танған жерді әр екі сағат сайын бірнеше минутқа босату керек.

Көктамырдан аққан қанның қаупі азырақ: көктамырдан қан баяуырақ ағады және бірқалыпты ағады.

Сырылған жерлер абайлап, эфирге немесе бензинге малынған таза дәкемен жуылады да зарарсызданған таңғыш салынады.

Соғылған жер, сіңір немесе бұлшық ет тартылғанда соғылған жерге суық суға матырылған сүлгі немесе бет орамал қойылып, жылып кетуіне қарай ауыстырылады.

Зақым келген аяқ-қолды жоғары көтерген жөн. 3-4 күннен кейін зақым келген жерді жүрекке қарай ысқылаған жөн.

Буын шығып кеткенде зақым келген буынға аздап қана басып тұратын таңғыш салу керек. Аяқ-қолдар ауырсыну ең аз сезілетін күйге келтіріледі. Буынның шығу жағдайы күрделі болғанда шығып кеткен буынды өз бетінше орнына келтірем деп, әуре болмаңыз. Оның орнына науқасты дәрігерге жіберіңіз.

Бір жер сынған кезде сынған сүйектер ығысып кетпеуі үшін бірден шина салып (сынған аяқ-қолға екі тақтайшаны тақап тану керек), науқасты абайлап ауруханаға жеткізу немесе дәрігерді ертіп келу керек

Зардап шеккен адам есінен танып қалған жағдайда оны аяғы басынан жоғары қойып, көлеңкеге жатқызу керек. Тынысын жеңілдету үшін киімінің түймесін ағытып, бетіне суық су шашу қажет. Самайына одеколон жағып, нашатыр спирт иіскеткен, ыстық шай берген жақсы. Егер есін жимаса, қолдан тыныс алдырып, дәрігер шақыртыңыз.

Жылу немесе күн өткенде зардап шеккен адамның киімінің түймесін ағытыңыз немесе шешіндіріңіз, салқын жерге (көлеңкеге) жатқызыңыз; аз-аздан жиі салқын су беріңіз. Басына суық басып, кеудесіне салқын су тигізіп тұрған, су сүлгімен сүрткен жақсы. Ауыр жағдайларда қолдан тыныс алдыру қажет.

Суға кете жаздаған адамға алғашқы медициналық жәрдем көрсеткен кезде үстіндегі киімін шешу керек. Тізеңізді тіреп (бір тіземен тізерлеп тұрып), басы мен кеудесі төмен салбырап тұратындай ішімен жатқызу қажет. Өкпесіне кірген су аузы мен мұрнынан шығу үшін бірнеше рет кеудесін бүйір жағынан басыңыз. Бұдан соң зардап шеккен адамның аузы мен мұрнын лай мен шырыштан тазалап, қолдан тыныс алдырыңыз. Тынысы қалпына келген соң денесін қызарғанша ысқылау керек. Содан соң төсекке жатқызып, ыстық шай беру керек.

Үсіген кезде сезімталдығын жоғалтып, бозарған теріні жылығанша және қызарғанша суықта қолғаппен ысқылаңыз, вазелин немесе қандай да бір май жағыңыз. Үсіген қолды суық суда жылытып алы, кейіннен ысқылауға болады. Үсіген тері көлбірегенде, оны спиртпен немесе 5% марганец ерітіндісімен сүрту керек. Қиын жағдайда зардап шеккен адамды неғұрлым тезірек медпунктке жеткізу немесе дәрігер шақырту қажет.

Улы жылан немесе өрмекші шаққанда шаққан жердің үстіңгі жағына, жарақатқа неғұрлым жақын бұрау салу керек. Бұдан соң аққан қанды тоқтатпай, жәндік шаққан жерді басып тұрып, ішіндегі уын шығарып тастау қажет. Егер аузыңызда жара болса, уды ауызбен сормаңыз. Өйткені у жара арқылы қанға тарап, уландыру мүмкін. Жәндік шаққан жерге 1-3 минутқа қан сорылатын банка, стакан қойып қойған жақсы болады. 2 минуттық үзілістен кейін ол қайта қойылады. Осылай 3-4 рет жасалып, жара спиртпен жуылады немесе ұшы пышақпен күйдіріледі. Аяқ-қолды 30 минуттан артық уақытқа тануға болмайды. Зардап шеккен адамға арақ немесе коньяк берсе болады.

Найзағай соққанда зардап шеккен адамнан тіпті тіршілік белгісін байқамасаңыз да, оны қаза болды деп санамау керек. Үстіндегі киімін шешіп, ұзақ уақыт қолдан тыныс алдыру қажет:

а) бірінші тәсіл, асықпай, 1-2-3 деп санап, зардап шеккен адамның қолын жоғары көтеріп, басына қарай көтеріп, осы күйде ұстаңыз. Осыдан кейін 4-5-6 деп санап, қолын жіберіп, кеудесіне қарай қысу керек. Дәл осылай бірнеше мәрте қайталаңыз.

б) екінші тәсіл, зардап шеккен адамды ішімен жатқызып, бір қолын бүгіп, бүгілген қолына басын қойыңыз. Бұдан соң 1-2-3 деп санап, белсенді түрде алақаныңызбен кеудесінің төмен жағын басыңыз. 4-5-6 деп санап, қысымды тоқтатып, күтіңіз.

Екі тәсілде де 1 минут ішінде 16-18 тыныс алу қозғалыстарын жасауға болады. Мұндай кезде тыныс алу және тыныс шығару 1 қозғалыс болып есептеледі.

Тамақтан уланғанда зардап шеккенді құстырыңыз. Асқазанын жуып, ыстық тәтті шай беріңіз.